Таразда "Қырықбаевтар" тобының мүшесі, кәсіпкер Алмас Қырықбаев ұсталды

Таразда белгілі кәсіпкер Алмас Қожаханов (Қырықбаев) ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Halyqstan Telegram арнасының ақпаратына сәйкес, Тараздағы арнайы тергеу соты Алмас Қожахановты (бұрынғы Қырықбаев) қамауға алу туралы шешім шығарған.
Сот жабық режимде өткен. Алмас Қожахановқа (Қырықбаев) кәсіпкер Елнұр Маймақовты "бопсалау" және "өзін-өзі өлтіруге жеткізу" күдігі бойынша айыптауда.
Бірінші бап бойынша жазалау мерзімі 7–15 жылға дейін, ал екінші бап бойынша – 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Еске салсақ, 29 наурызда Тараз көшелерінің бірінен кәсіпкер Елнұр Маймақовтың мәйіті табылған еді. Ер адамның танысымен кездескені анықталған. Марқұм оған көліктерін қайтаруы керек болған. Сол танысы Алмас Қожаханов болып шықты. Алмас Қожаханов – бұрынғы Алмас Қырықбаев, ол Дубайдан Қазақстанға оралған соң әйелінің тегін алған.
Ал Kozachkov offside Telegram арнасында жарияланған ақпаратта марқұм Елнұр Маймақовтың қаржылық қиындықтары болғаны айталады. Маймақовты алған автокөлігінің ақысын төлемедің деген желеумен әлдекімдер бопсаланған көрінеді. Тараған ақпаратта Маймақов бұған дейін осындай желеумен келген адамға қарсы травматикалық тапаншадан оқ атқаны айтылған. Кейіннен дәл сол тапанша оның денесінің жанынан табылған.
Полиция "Өзін-өзі өлтіруге жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.
Айта кетейік, Алмас Қырықбаев Қазақстанда бейресми түрде "Қырықбаевтар" деп аталатын ықпалды топтың өкілі ретінде танымал. Бұл топқа Қырықбаевтардың он бауыры кіреді. Топ мүшелері бұғабопсалау ісінен бөлек, кепілге қойылған мүлікпен байланысты алаяқтық схемаларына да қатысқан.
Отбасылық ұйымдасқан қылмыстық топтың көшбасшысы Қайрат Қырықбаев 2007 жылы сот үкімі шыққан соң бірден түрмеден қашып, бірнеше жыл жалған құжаттармен шетелде жасырын өмір сүрген. Ол 2012 жылы Алматыда ұсталып, қашып кеткені үшін қосымша айып арқалаған.
Алмас Қырықбаев бұған дейін шетелде болған. Оған бопсалау күдігі бойынша халықаралық іздеу жариялаған. Дегенмен, 2023 жылдың көктемінде ол Қазақстанға оралды. Артынша оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылған. Сол уақыттан бері ол Таразда тұрып келеді.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік