Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда істі болған сығандар сот отырысындағылардың көзін байлап, қарғыстап тастады

Жамбыл облысының ауданаралық сотында есірткі саудалағандарға қатысты іс қаралды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Сот алдында Тараздың 9 тұрғыны жауап берді. Олардың бәрі туыс жандар.

2017 жылы полицейлер есірткімен айналысатын қылмыстық топты құрықтаған болатын. Полицейлер 2016 жылы қыслмыстық топты іздеу барысында 50 жастағы Наталья Хорнды ұстады. Ұлты – сыған. Ол туыстары арасында есірткі саудасын ұйымдастырған.

2017 жыны наурыз айында топтың 6 мүшесі ұсталды. Тінту барысында 2,5 кг героинь, 3 млн теңге, 1 мың доллар, 88 мың рубль, 46 телефон мен алтын бұйымдар тәркіленді.

Сот отырысы кезінде айыпталушылар көз байламақ болып, «сыған қарғысын» айтты. Залда тәртіпсіздік орнап, арнайы қарауылдардың көмегіне жүгінуге тура келді.

Сот шешіміне сәйкес, Наталья Хорн 17 жылға сотталды. 60 жастағы әпкесі Леля Танцева 15-16 жылды арқалады. 30 жастағы қызы Рита Вишнякова, немересі Михаил Бобликов мен оның әйелі Радой Тимченко,  келіні Марина Богданова, тағы екі туысы Валентина Андреева мен Алексей Мусиенко, Сергей Волков та сотталды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тағы да оқыңыз:

Алматыда үйге түскен ұры перденің артына жасырынған жерінен ұсталып қалды

Шымкент әкімі есеп беруді орысша жүргізбеген аудан әкіміне ұрсып тастады

Шымкенттік студент күріш қауызынан аккумулятор жасауды ойлап тапты

Талқылау