Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда дүкенге келген жасөспірім есікке қысылып қалған: Иесі айыппұл арқалады

Таразда дүкен иесі айыппұл арқалады: Келушілердің көптігінен бала есікке қысылып қалғанФото: Видеодан скрин

Таразда дүкен иесі акция өткізіп, тауарларды арзан бағада сатқан. Оған жиналған жұрт бір-бірін таптап кете жаздады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Тауарды арзан бағада сатып алуға келген адамдардың қарасы көбейіп, сауда орталығында кептесліс жасаған. Олардың көптігінен есік сынып кетіп, жасөспірім қыз қысылып қала жаздаған.

Есікке қысылып қалған қызға ер адам көмектесіп, сыртқа алып шыққан. Ал жиналған жұрт дүкен ішіне сыймай, есіктің сыртында кептеліп қалды. 


Назарбаев зияткерлік мектебінде телефон ұстауға тыйым салынған соң оқушылар кептеліп қалды


Полицейлер болған жағдайға қатысты тексеріс жүргізіп, дүкен иесін әкімшілік жауапқа тартты. Ол келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін айыпты болып, айыппұл арқалады.

Бұған дейін, Көк Төбеге баратын аспалы жолда ұзын-сонар кезек түзіліп, адамдар төбелес шығарған еді. 

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 01 Сәуір, 2026 08:57