Таразда аурухана басшылары 758 миллион теңге бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталды
Таразда аурухана басшылары 758 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Тараздағы көпбейінді аурухананың бас дәрігерінің орынбасары мен есепшісін ұстады. Бюджет қаржысын жымқырған қос күдікті қамауға алынды. Алайда агенттік өкілдері ірі көлемдегі ақшаның қалай ұрланғаны туралы ақпаратпен бөліскен жоқ. Күдіктілерге қатысты іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
“Келтірілген шығын 758 миллион теңгеден асады. Сот санкциясымен күдіктілер – аурухана бас дәрігерінің орынбасары және бұрынғы бас есепші қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр”, – деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі