Таразда 7 жасар бала аттың тізгініне ие бола алмай көлікке соғылған

Видеодан скриншот
Таразда атқа мінген бала көлікке соғылды. Соққыдан ат бірден өліп кетті. Балаға шұғыл ота жасалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға қиылыста болды. Атқа мінген жеті жасар шабандоз Toyota көлігінің артқы жағына соғылды. Екеуі де бірнеше метрге ұшып, асфальтқа құлады.
Куәгерлердің айтуынша, ат бір нәрседен шошып кеткен. Баланың иығы сынып кетті.
"Ересектер баланы бақыламағаны анықталды. Сондықтан ата-аналар кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін жауапкершілікке тартылды", – деді Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.