Таразда 15 жылға сотталған «Бамбук» лақап атымен белгілі атышулы полицей бостандыққа шықты
«Бамбук» – бостандықта! Адам өлтіруге оқталу бабы бойынша айыпталып, бақандай 15 жылға бас бостандығынан айырылған Мұрат Үмбетәлиевтің жазасы бес жыл шартты мерзімге бір-ақ қысқарып, сот залынан үйіне жіберілді, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.
«Бамбук» деген лақап атпен танылған Үмбетәлиевтің апелляциялық шағым түсіретіні әу баста белгілі болған еді. Бірақ дәл осындай шешімді ешкім күткен жоқ. Жамбыл облыстық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы оған алғашқыда тағылған айыпты тым ауыр деп ұйғарса керек, оны әлдеқайда жеңіліне ауыстырған. Яғни, екі немесе одан көп адамды өлтіруге оқталу бабын, «денсаулыққа қаcақана ауыр зиян келтіру» және «бұзақылыққа» өзгерткен.
Сөйтіп, Үмбетәлиев небәрі 5 жыл шартты мерзімге кесіліп, бостандыққа шықты. Ал осы істе жәбірленуші деп танылған Ерлан Бектұрғанов пен Марсел Жетпісбаевтың да үстінен «қылмыс жөнінде ақпарат жеткізбеу» және «бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалған еді. Алайда, күні бүгінге дейін не облыстық, не қалалық сот бұл жайында ақпарат бермеді.
Еске салсақ, тамыз айында думанды кештен шыққан облыстық экстремизге қарсы күрес басқармасының бастығы болған Мұрат Үмбеталиев өзінің әріптесі – криминалдық полиция басқармасының бастығы Ерлан Бектұрғанов пен аудандық қалыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Марсел Жетпісбаевты бизнес орталығы маңында пышақтаған болатын.
Тағы да оқыңыз:
40 жастан асқан соң қандай тағамдарды жемеген абзал?
Шымкентте мас күйінде көлік жүргізген азамат туған інісі мен келінін қағып өлтірді
Жаназа шығарғылары кеп тұратын “табытқағарлар” ма дерсің: Сәуле Әбединова мешіт имамдарына сын айтты