"Аурухана мен мәйітханаларға бардық": Тараз маңындағы жарылыс кезінде жоғалып кеткен жас жігітті туыстары іздестіріп жатыр
Тараз түбіндегі жарылыс кезінде өрт сөндіруші ретінде келген азамат жоғалып кетті. Теміртау мен Қарағандыдан жас жігітті туыстары іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Вечерняя Караганда" Телеграм каналына сілтеме беріп.

Әділет Әділбеков 1995 жылы туған. Отбасында жалғыз ұл, одан бөлек үш туған әпкесі бар.
AIBAT ақпарат агенттігінің мәліметінше, Әділет кезекшілікке шығып, Жамбыл облысындағы әскер бөлімшеге бет алған.Телефонын жұмыс орнында қалдырып кеткен.
Соңғы рет туыстары онымен 26 тамызда ТЖ-ға дейін сөйлескен.
“Ешқандай хабар жоқ. Мәйітхана, аурухана, мемлекеттік мекемелерге барып шықтық. Қайда кеткенін таппай жатырмыз. Ешқандай тізімде жоқ", – дейді Бағдат Бузаубекова.
- Айгүл Орынбек: Ермекбаев отставкаға жай кетпей бүкіл жемқор генералдар мен шенеуніктердің туысқандарын айтып кетсін
- Тазабек: Алла сынаса, талибансыз да, полигонсыз да балаңды құшақтатып, туған үйіңнен түн жарымда бас сауғалатады
Мәліметтер бойынша, ТЖ кезінде Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы әскери қоймаларда 12 адам қаза тауып, 98 адам зардап шеккен. Тағы бірнеше адам байланысқа шықпаған. Із-түзсіз жоғалғандарды іздеу жалғасуда.
Өмірі ауруханаға бармаған 100 жастағы ата ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты
Ұзақ өмір сүрудің құпиясы қымбат дәрі-дәрмек пен ерекше күтімде емес
"Азық-түлік екі есе арзан, вирус жоқ": Қазақстандық жігіт отбасын алып табысы төмен Африка аралына көшіп кеткен
Сұлтан: “Арал президенті көршім, ол қарапайым, күзетшісіз жүреді”