Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Таппағанымды шетелден алдырдым": Ерке Есмахан күйеуінің берген сыйлықтарын көрсетті

Отандық мегажұлдыз Ерке Есмахан күйеуінің өзіне не сыйлағанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшадан алынды

Өнер иесі қарашадағы туған күніне сыйлықтар ала бастағанын айтты. 

“Туған күнімді тойламайтын болған соң, күйеуім қалағаныңды әперем деді. Сөйтіп ол бір ай концертке дайындалған кезде мен бір ай бойы өзіме сыйлық алумен болдым. Тапқанымды Алматыдан алдым, таппағанымды шетелден алдырдым. Бұл соңы емес деп отырмын. Туған күнге әлі 15 күн бар. Әлі де толықтырып алайын. Сосын бәрін ашып көрсетемін. Жұғысты болсын", – деп жазды Ерке Есмахан. 



Еске салайық, өнер иесі құны 12 миллион теңгеден асатын қымбат сөмкесін көрсеткен еді. 

“Өзімнің арманым, әрі күйеуімнің қолдауының арқасында армандаған сөмкені алдым. Бағасы – 12 миллион теңге. Тапсырыс беріп, екі ай күттім. Арнайы мен үшін ғана тігілген. Көлемі – 25 сантиметр. Осы жылдың тренд түсі”, – деген еді эстрада жұлдызы. 

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Талқылау