Тапа-тал түсте жасалған ұрлық: Астанада ешкімнен қымсынбаған жігіт бейтаныс әйелді тонап кетті
Астана полициясы тапа-тал түсте әйелді тонап кеткен ұрыны іздеуде. Бұл туралы Астана қаласы ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Астана полициясы Сәкен Сейфуллин көшесінің бойындағы ғимаратта сағат 17.00 шамасында зорлық-зомбылық көрсетіп ақша ұрлап кеткен қылмыскерді анықтау және ұстау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізеді», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Ішкі істер департаменті атап өткендей, осы қылмысты жасаған күдікті шамамен 25-30 жастағы, бойы 160-165 сантиметр болатын, орта денелі жігіт. Сондай-ақ, оның үстінде көк түсті күртеше, қара шалбар, қара-сұр түсті бас киім мен бетінде медициналық маска болған.
Астана қаласы Ішкі істер департаменті қылмыскерді анықтап, қолға түсіру үшін азаматтардан көмек көрсетуді сұрайды. Сондай-ақ, құқық қорғау орғандары кез-келген ақпарат болса 8 (87172) 71-66-40, 38-28-08, ұялы телефон: 87011880462 нөмірлеріне хабарласуларын сұрайды.
Тағы оқыңыз:
Алматыда бойжеткенді қағып өлтірген автобус жүргізушісін қандай жаза күтіп тұр
Сағадиев мұғалімдерге уәде етілген үстемақының не себепті кешіктіріліп жатқанын түсіндірді
Соғыс кезінде іс-түссіз жоғалып кеткен қазақстандық батырдың сүйек қалдықтары Ресейден табылды
Елімізде ҰБТ қарсаңында «тест саудасы» қызып жатыр
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін