"Тап-тұйнақтай, тап-таза": Сәкен Майғазиев халық әртісі Мақпал Жүнісованың сөзін жоққа шығарды
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Сәкен Майғазиев халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісоваға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/saken_maigaziyev/
Айта кетейік, халық әртісі “Музарт” студиясының жөндеу көрмегенін айтқан еді.
“Біздің студиямыздың алдында кішігірім ойнайтын автоматтар бар. Мақпал әпкемізге солар кедергі келтірген болуы керек. Мен көп қаладағы студияларда болдым ғой. Негізі біздің МузАРТ-тың студиясы ең жақсы студиялардың бірі. Студия расымен екінші үйіміз сияқты ғой. Тап-тұйнақтай, тап-таза болып тұрады", – деді әнші.
-
"Маған жараспайды": Мақпал Жүнісова "ағылшын әнін орындағанына" қатысты пікір білдірді
-
"Қызды құтқарамын деп суға кетті": Мақпал Жүнісова марқұм ағасын есіне алды
Сондай-ақ Сәкен Майғазиев Мақпал Жүнісованың кез келген сынын көтеретінін, тіпті "қол көтерсе де" ренжімейтінін айтты.
"Ол кісі пікірін желіге жүктегенде тек біз ғана көреді деп ойлаған болуы керек. Ақкөңіл, аңқылдақ әпкеміз ғой. Ол кісіге не айтса да, жарасады. Бізге қол көтерсе де, ренжімейміз. Тек оны ақпарат таратушылар дүрліктіріп жіберді. Мақпал әпкемізге еш өкпе жоқ", – деп жан сырын ақтарды мәдениет қайраткері.