"Үйлерің осындай болса, тұрмас едіңдер": Мақпал Жүнісова "Музарт" тобының жігіттеріне ескерту жасады
Халық әртісі Мақпал Жүнісова халықтың ықыласына бөленген “Музарт” тобының тозығы жеткен студиясын сынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшалардан алынды
Өнер иесі “Музарт” тобына тиесілі ән жазу студиясының тозғанын айтты.
“Құрметті, Мейрамбек, Кенжебек, Сәкен! Мына ән жазатын студияларыңызды жөндеп қойсаңдар қайтеді?! Ұят емес пе?! Келе жатып, баспалдақтан құлап кете жаздадым. Қабырғалары шұрқ-тесік, тозығы жетіп тұр. Ауа да жоқ. Өздерің осындай үйде тұрмас едіңдер! Үйлеріңе жапсыра бергенше, бір уақыт студияға да көңіл бөліңіздер! Қаншама әншілер келіп, ән жазады. Адамдарға құрмет болуы керек?! Мен жазып кеттім, бірақ студия үшін қатты ұялып тұрмын”, – деді халық әртісі.
-
"Ұшақ айдап барасың" деді: Кенжебек Жанәбілов "Музарт" тобына қабылданған сәтін есіне алды
-
"Ауласы орман сияқты": Сәкен Майғазиев су жаңа үйін көрсетіп, қоныс той жасады
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"