Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүрек айнытатын шоу: Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызының бағдарламасын сынап тастады

Журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Ләйлә Сұлтанқызы тізгінін ұстаған “Тікелей эфир” бағдарламасын сынап тастады. Ол Алтынай Жорабаеваның басынан өткен жағдайды естіп, оның жеке өміріне қол сұғуға ешкімнің хақы жоқ екенін айтты. Сондай-ақ, тұрмысқа шықпастан сүйіктісіне ұл туып берген Ақботаның құпияларын бүкіл халыққа паш етіп, насихаттаған шоуды біздің менталитетімізге сай емес деп сөкті, деп хабарлайды Stan.kz.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Алтынай Жорабаева өзін тікелей эфирге алдап шақырмақ болған Ләйлә Сұлтанқызына назын айтқан еді. Жорабаеваның айтуынша, бағдарлама ұйымдастырушылары оның жеке өміріне, Сәбит Әбдіхалықовпен ажырасуына қатысты сұрақтар қоймаймыз деп уәде берген. Ал оларға сенім білдірген Алтынай бағдарламаға қыздарымен бірге қатысуға келіскен. Алайда “Тікелей эфирдің” анонсын көрген ол өзінің алданып қалғанын түсініп, шоуға қатысудан бас тартқан еді.

Бұл ретте күні кеше Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қали Сәрсенбай әнші Мейрамбек Бесбаеқа хат жазған болатын. Өз хатында ол телеарналарда арзан дүниелердің көбейіп кеткенін ашына жазған. Мәдениет саласының есті өкілі ретінде Бесбаевқа осыған назар аударуды өтінген.

Аталған жайттаардан хабардар болған журналист Бибігүл Дәулетбекқызы желідегі парақшасында арнайы пост жазды.

“Арман ағаның постынан кейін ерінбей Қали ағаның Мейрамбекке жазған хатын тауып алып, оқып шықтым. Күрсіндім. Көкейімізде жүрген кірбіңді дөп басып жазған.

Арман аға, өте дұрыс айттыңыз. Мейрамбек Беспаевтың қолында тұрған ештеңе жоқ. Марат Тәжин мен Дәурен Абаевқа дұрыстап жеткізу керек. Мейрамбек те біз секілді күйінгеннен айтуда.

Көптен бері әлеуметтік желіге кірмеген едім. Кеше инстаәлеміндегі жекеме (direct) оқырмандар Алтынайды арашалауды сұрапты. Басында түк түсінбедім. Кейін әнші Алтынайдың “Хабар” арнасындағы Ләйлә Сұлтанқызының “Тікелей эфир” бағдарламасына деген өкпесін оқып, Алтушаны аяп кеттім. Не деген бассыздық десеңізші?! Халқының бетке ұстар әншісін қаралағанда “Хабар” не ұтпақ?! Рейтинг пе сондағысы?! Журналистер рейтинг жасар-ау, ал, Алтынайдың жүрегінің кірбіңін, оның қыздарының абыройын кім басады?! Алтынай кеше ғана есіктен сығалап кірген көптің бірі емес. Ол баяғыда өзін мойындатқан Халықтың сүйікті әншісі. Оның жеке өміріне қол сұғуға ешкімнің хақысы жоқ! Біреуді қараламас бұрын өздерің мінсіз болсаңдар екен бір сірә?!

“Хабар” арнасы енді барлығын қойып, өтірік алдап, халықтың бетке ұстарларын бағдарламаға шақырып, жерден жексен етуі қалды ма, түсінбедім…

Мана журналист танысымнан естігенмін өткенде бір хабарына актрисаны шақырып алып, некесіз дүниеге келгенін бетіне басқан көрінеді. Сұмдық қой бұл. Біздің менталитет басқа екенін бұл Хабарлықтар біле ме екен, а?! Біз – салт-дәстүріміз бар ҚАЗАҚПЫЗ! Соны ұмытпағайсыздар, әріптестер!

Жүрек айнитын бағдарламалар саңырауқұлақша көгілдір экранды жаулап алуда. Халықтың көзі соқыр емес. Кімнің кім екенін журналистер айтпаса да бiледi. Олардың абыройын төгемін деп, бір күні өз абыройларың шашылып кетпесін, “ХАБАР” арнасы!

Ринат Кертаевтың биылғы жаңа маусымда ашқан бағдарламасы осы болды ма?! Тұщынып көретін бір хабары жоқ, Хабардың қажеті қанша?!Осы мен неге екенін білмеймін, әдемі сөйлеген бөспелерден қорқамын. Айттым ғой, креативті басшы бұл арнаға келмей, Хабар оңалмайды. ТОЧКА”, – дейді Бибігүл Дәулетбекқызы.

Жіберіп алмаңыз:

Алтынай Жорабаева тікелей эфирге алдап шақырған Ләйлә Сұлтанқызына ұрсып тастады

Мұндай жанрды ешкім қолға алған емес: Баян Есентаева мюзикл түсірмекші

Майғазиев: Мені ешкім танымайтын кезде ғашық болып, азаматтығымды бағалаған әйеліме ризамын

КешYou-дің бұрынғы әншісі кезінде топ қыздарына ұятсыз ұсыныстар түскенін айтты

Біз де адамбыз: Өнер иелері желіде ойына келгенді жазатындарға жауап берді

Талқылау