Танымал вайнер Нагимуша Оңтүстік Кореяда бейтаныс испандық жігітпен сүйісті
Бүгінгі күні әлеуметтік желілердің арқасында еліміздің жұлдыздары, танымал тұлғалары күнделікті тұрмыстағы оқиғаларымен бөлісіп, қарапайым халыққа бір қадам болсын жақындай түсуде. Мысалы, Нагимуша атты жастар арасында танымал вайнер Telegram желісіндегі парақшасында шетелдегі саяхаты туралы жазып, оқырмандарының ішек-сілесін қатырды. Stan.kz ақпараттық агенттігі оның Оңтүстік Кореяда қандай қызықты жағдайға тап болғанын оқып шығуға кеңес береді.
Нагимуша 2018 жылдың көктемінде Оңтүстік Кореяға барып, жақсы демалып, испандық жігітпен танысып қайтқан болатын:
“Егер сіз кәріс сериалдарын, әншілерін және Ли Мин Хо сынды актерлерін жақсы көрсеңіз, Кореяға барып, ол елде естен кетпес естеліктер қалдыруыңызға болады. Сеулде мен бар уақытымды жақсы көретін кәріс әндерін тыңдап, бұл елде өткізген әр күнімді есте сақтап қалуға тырыстым. Көз алдыңызға елестетіп көріңізші, сіз өмір бойы Диснейлендке баруды армандадыңыз және ақырында сол паркке билет алдыңыз. Қандай күйде болар едіңіз? Мен былтыр да Кореяға барғанмын, тек жұмыс бабымен ғана. Алайда ол кезде Кореяны танып үлгермедім. Басқа сөзбен айтқанда былтыр Корея мені шабыттандырмады. Алайда осы жолы демалуға келгеннен кейін бәрі басқаша болды. Біз Сеулдің ортасында орналасқан хостелде тұрдық. Кореяның дәмді тағамдарымен тамақтанып, топпен бірге қаланың көрікті жерлерін араладық. Осы елде оқитын және 4 жылдан бері тұратын Алиса, Карина, Айка атты қыздармен танысып, олармен тез тіл табысып кеттім. Қыздармен демалыс күні Кореядағы ең танымал, шетелден келген қонақтар, әсіресе латиноамерикалықтар жиі бас қосатын “Майкс”атты клубқа баратын болып шештік.
Шетелдіктерге біздің атымызды есте сақтау қиын екенін түсінген біз, адамдармен танысу үшін өзімізге жаңа есімдер ойлап таптық. Мен өзімді Нагимуша емес Наоми деп таныстырдым. Сол күні қала аралаймын деп, киімімді ауыстырып үлгермедім. Клубқа кроссовкимен, спорттық футболкамен баруыма тура келді. Үстімдегі киіміме қарап, маған бүгін кешке бірде бір жігіт қарамайды деп ойладым. Бірақ сонда да бір испандық жігіттің көңілін аулай алдым. Жігіттің маған ұнап тұрғанын түсінген құрбыларым оған бірден менің инстаграмдағы парақшамды көрсетіп, менің Қазақстандағы танымал вайнерлердің бірі екенімді түсіндірді. Сосын Алиса әлгі жігіттен, “Испандықтар шынымен де жақсы сүйіседі ме?” деп сұрады. Ол “Иә” деп жауап беріп, тіпті оны дәлелдеп беретінін де айтты. Алиса испандыққа бірнәрсені түсіндіріп, маған қарап күлді. Кенеттен жігіт мені өзіне жақын тартып, миллион адамдардың көзінше ернімнен сүйіп алды. Дәл сол сәтте мен айналамдағы адамдардың бұл туралы не ойлайтынына басымды қатырған жоқпын. Өзімді бақытты сезіндім, — дейді вайнер.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.