Танымал тұлғалар шахтерлердің жалақысын көтеруді талап етті
Қарағанды шахтерлерінің бас көтеріп, жер астынан шықпай қоюы қарапайым жұртшылықпен бірге, елге белгілі танымал тұлғаларды да алаңдатты. Баян Мақсатқызы, Нұртас Адамбай, Асхат Садырбай сынды белгілі адамдар шахтерлердің жалақасын көтеруді сұрады. Олар аталған жайтқа қатысты пікір білдіріп, әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz.
Баян Алагөзова:
Бір кездері Мьянма мұсылмандарының басына күн туғанда өкініш білдірген адамдар көп болды. Алайда ол шалғайда болған оқиға, шындықтың қайда екенін кім білсін? Ал мына жігіттер жақын жерде, біздің қорғаушыларымыз.
Мен бұл сұрақтың бейбіт түрде шешімін тапқанын қалаймын. Өтінемін, шахтерлерді жоғарыға шығарайықшы, олар отбасыларына оралып, лайықты жалақы алулары тиіс. Осыншама көп адамның өтірік айтуы мүмкін емес.
Айсәуле Бақытбек:
Анаммен толықтай келісемін.
Нұртас Адамбай:
“Мұнда кей блогерсымақтар “шахтердің жұмысы мен айлығы ұнамаса, басқа іспен айналыссын” деп жазып жатыр. Әрине, ақылды болып, мұндай сөздер жазу оңай. Мүмкін ол үшін арнайы “алғыс” алып жатқан шығарсыздар. Қыстың қақаған суығында жердің астында жұмыс істеп жатқан бұл адамдар не себепті жалақыны көтеруді талап етті деп ойланып көрдіңіздер ме? Меніңше күйінгеннен. Сені ешкім тыңдамаса және құлақ асқысы келмесе осылай болады. Бұл – ертеңгі күні балаларыңа ешкімнің көмектеспейтінін біле тұра, 150 мың теңге үшін денсаулығыңды шахтада қалдыруға мәжбүр болған кездегі күйініш.
Менің ойымша, шахтерлердің талабы орынды! Еліміздің саналы әр азаматы мұнымен келіседі.
Кез келген адам шахтер жұмысының – тозақ еңбегімен тең екенін түсінеді. Біз жер үстінде өмірдің рахатын көріп жатқанда, олар әр минут сайын өмірлерін қауіпке тігіп, жер астында жұмыс істеуге мәжбүр.
Жалпы адамдар тамаққа жеткілікті дәрежеде жалақы алуы керек деп кім айтты? Ертеңге күні олар физикалық еңбекке жарамай қалса отбасының болашағын кім ойламақ?
…Жер астында тендер ұта алмайды, оларға ақша толы конвертті ешкім ұстатпайды. Ол жерде тек ауыр физикалық еңбек. Адамдар жетіскеннен бас көтермейді. Сондықтан оларға көмектесе алмасаңыздар немесе қолдау көрсете алмасаңыздар, ең болмағанда ақылдарыңызды өздеріңізде ұстаңыздар.
Асхат Садырбай:
Доллар көтеріліп жатыр, доллармен бірге азық-түлік, киім-кешек т.б. қымбаттай түскені ақиқат. Айлықтан басқаның бәрі өсіп жатқанын басшылар білуі керек, білмесе біздің осы посттарымыз арқылы естісін. Не ғой, доллар өсті, бұрын 180 еді қазір 330! Айналайын бастықтар, жұмысшылардың қара еңбегін, адал еңбегін бағалаңыздар, сұрап отырған өтініштерін орындаңыздар. Қаншама адам ақымақ емес. Бейбітшілік болсын!
Еске сала кетейік, бірер күн бұрын 700-ге жуық шахтер жер астынан шықпай, бас көтерді. Мардымсыз ақшаға жұмыс істеп отырмыз деп ашынған шахтерлер жалақының көтерілуін талап еткен еді.
Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981
Жіберіп алмаңыз:
Соңғы шешім: Атышулы Дәурен Айдарқұлов Әсел Сәдуақасовамен шаңырақ көтерді
Меруерт Түсіпбаева Павлодар билігінен көрген қысымы жайлы ашық айтты
Айқын сүйіктісі Жұлдыз Өмірғалиге продюсер болмақ
Қазақ жігіті Түркиядағы “Дауыс” жобасында қазылар алқасын таңдай қақтырды (видео)