Нұрбигүл лауазымды қызметтегі азаматқа тұрмысқа шыққалы жатыр (фото)
Сүйінші! Белгілі тележүргізуші әрі актриса Нұрбигүл Егізова тұрмысқа шыққалы жатыр. Бұл туралы сенімді дерек көзі Stan.kz тілшісіне хабарлады.
Нұрбигүл біраз уақыт бойы «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасындағы «Бірге таңдаймыз» бағдарламасын жүргізіп келген-ді. Ал жақында ғана атаулы бағдарламаның жүргізушісі өзгерді. Соған қарағанда, Нұрбигүл тойға біраз уақыт бойы дайындалып жүрген көрінеді.
Соңғы кездері парақшасын түрлі гүлдердің суретімен толтырып жүрген тележүргізуші өзінің сүйіктісінің кім екенін ашып айтпаса да, аздап бөлісіп жүрген-ді.
Ал кеше ғана әлеуметтік желідегі парақшасына екеуінің алғашқы суретін де жүктеп үлгерді. Бұл сурет той алдындағы Love story-ден болса керек. Алайда, суретте сұңғақ бойлы күйеу жігіттің жүзін көрсетпеген. Тойдың болуына да аз қалған жоқ. Бақытты жұп алдағы қараша айына жоспарлап отырғанға ұқсайды. Сенімді дерек көзінің айтуынша, актрисаның күйеу жігіті Батыс Қазақстаннан және лауазымды азамат. Облыс деңгейіндегі мемлекеттік қызметкердің жары атануға дайындалып жүрген Нұрбигүлге құрбылары қазірден қызыға қарап жатқан көрінеді. Алдағы уақытта толық ақпаратпен бөлісетін боламыз.
Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.
Жіберіп алмаңыз:
Асылхан Төлепов шаңырақ көтерді (фото, видео)
Елді алдаған Дәурен мен Ақбота Мысырда демалып жатыр
Димаш Құдайберген Қазпоштаның келбеті атанды
Қайрат Нұртас: Жұлдызды көрсеткен соң, елдің бәрі әйелдерін көрсете бастады (фото)