Танымал қазақстандық кәсіпкер жетістікке жетудің жолдарын айтты
«Rumi Group» мейрамханалар желісін құраушы, танымал кәсіпкер Қуаныш Шонбай жетістікке жетудің жолдарын, мақсатты қалай қоюды және қаай уақытта іске көшу керегін айтты.
Бұл турлы Қазақстан арнасындағы “Бақытты әйел” бағдарламасында айтып берді.
Кәсіпкер адамдардың, әсіресе, қзақтардың жетістікке жету жолындағы көп жіберетін қателіктерін тізіп берді.
“Бізге жетістікке жетуге болмайды, бізге жеңіске жету керек. Екеуінің формасы бір болуы мүмкін.
Жетістікке жеткен адам көзге көрінетін және көрінбейтін жағымсыз жақтары болады. Көзге көрінетіні, масаттану, жұлдыз ауруы т.б. Оны ел-жұрт көреді, айтады. Ал көзге көрінбейтіні: «мен мықтымын» деген ой. «Мен мықтымын» деген адамға не айтасың. Ол тыңдамайды, айтқаныңды істемейді , оқымайды. Бұл ой – ең жаман сезім. Сен мықты болуың мүмкін. Оны сенің жасаған істерің, нәтижелерің сенің «мықтымен» деп айтпасаң да сондай екніңнің көрсеткіші.
«Мен, мен» деп кетсем, екінші болғаным, егер олай ойламасам бірінші болғаным. Яғни адам бірінші өзін жеңу керек”, – дейді ол.
Сонымен қатар, адамдардың өзін дамытуы үшін не істеу керегін де айтты.
“Шетелге барып келеген інім айтады «Шетелді араладым, көрдім. Менің киген киімдерім ол елдегі адмдардың киімінен жақсы. Телефондарына қарасам мен олардан 2-3 модельге асып кеткенмін. Мен қолданатын бағдарлмалар олардікінен әлдеқайда жақсы. Өзгешелігі адамдарында екен Италияны әдемі етіп тұрған сол жердің тұрғындары, италияндықтар, Барселонаны әдемі етіп тұрған жергілікті тұрғындары», – дейді. Барлығы адамның өзіне байланысты.
Армандау керек. Адам өзі армандамаса, оның қалағанын кім береді.
Жетістікке жетудің негізгі жолдары:
Кітап көп оқы. пайдалы сериал, фильм көр. Саяхат жаса.
Армандаңыз, өзіңіздің образыңызды құрастырыңыз. Өзіңіздің идеалыңызды жасаңыз, қиялдаңыз.
Жетістіктің негізгі кілті – мақсат. Біз мақсаттарымызды ертеңмен немесе кешемен байланыстырамыз. Жетістікке жету үшін бүгінмен өмір сүруіңіз. Қазіргі сәтті ұстап қалыңыз. Қазіргі сәтпен жұмыс істесеңіз бәріне үлересіз. Қазір айналысып жатқан істі соңғы демің жеткенше істе. Сонда ертеңің айқын болады.
Максималды мақсат қоймай, қазіргі нысананы орындасаңыз әлдеқайда жоғары жетістікке жетесіз”, – дейді кәсіпкер.
Тағы оқыңыз:
Жігіт есірткі сақтағаны үшін ұсталып, қызына үйленуге ұсыныс жасады (видео)
Күйеужігіт төсек-орнына көңілі толмағандықтан той алдында қалыңдығын тастап кетті