Танымал фотосуретші ерекше суреттер түсіру үшін бір ауылды өртеп жіберді (фото)
«World Press Photo» сыйлығының лауреаты Данила Ткаченко кезекті фотосуреттер топтамасын «Отан» деген тақырыппен жариялады.
Бұл туралы Сolta порталы хабарлайды.
Ресейлік фотосуретші ерекше суреттерін түсіру үшін, елсіз ауылды тұтастай өртеп жіберді. Сонымен қатар, қаңырап тұрған шіркеулерді қара түске бояп тастаған. Осылайша фотосуретші өз өнерін басқа қырынан көрсетуге тырысыпты. Дегенмен, Ткаченконың бұл әрекетіне көпшілік наразылық білдірген. Құқық қорғаушылар, өлкетанушылар, блогерлер мен тілшілер фотосуретшінің әрекетін сынға алып, қылмыстық жазаға тартылуын талап етті.
Қазіргі уақытта желі қолданушылары Ткаченконың өз фотосуреттерін қай жерде түсіргеніне бас қатыруда. Оны фотосуретшінің өзі де жарияламапты.
Айтс кетсек, 28 жастағы Данила Ткаченко – Кандинский атындағы сыйлықтың номинанты. Сонымен қатар фотосуретші World Press Photo премиясының лауреаты атағын алған.
Оқи отырыңыз:
Үндістанда полиция аяғынан жағымсыз иіс шыққан тұрғынды тұтқындады
91 жастағы соғыс ардагері қонаққа келген немересін пышақтап өлтірді