Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал виолончелист Бағжан Октябрь мемлекеттік сыйлыққа ие болды

Бағжан Октябрь Фото: https://www.instagram.com/clvdeex

Танымал әнші Өктем Алтаевтың ұлы, виолончелист Бағжан Октябрь мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қуанышты хабарды өнер иесі әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті.

“Бүгін “Дарын” сыйлығымен марапатталдым.
Бұл марапатты мені дарынды етіп оқытқан, кішкентайымнан виолончелімді көтеріп келген анашыма және балам оқысын деп еңбек еткен әкеме арнаймын. Құттықтауларыңызға рақмет!” – деп жазды ол.

Желі қолданушылары виолончелистке жылы лебіздерін білдіріп, құттықтап жатыр. 

“Құтты болсын, лайықсың”, “Жүрегің сондай таза, сондай әдемі – сен осындай көркем нәрселерге әбден лайықсың”, “Еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз! Лайықтысыз”, “Бағжан, құтты болсын! Еңбегіңіз әрдайым осылай елене берсін!” – деп жазған олар.

Айта кетейік, бұған дейін виолончелист Бағжан Октябрьдің марқұм Салтанат Нүкеноваға арнаған композициясы желіге тарағаны хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Бейсенбі, 27 Қараша, 2025 10:10
Талқылау