Танымал нумеролог Клара Күзденбаеваның ұлы өмірден озды
Елордада Қазақстан және Ресейде танымал нумеролог Клара Күзденбаеваның ұлы қайтыс болды. Ұлы Русланның мезгілсіз қазасы туралы хабарды нумерологтың өзі жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Ұлым менің! Руслан! Өмірден озды», - деп жазды Күзденбаева Insagram желісінде.
Десе де нумеролог ұлының өліміне не себеп болғанын айтпады.
Өз кезегінде желі қолданушылары Клара Күзденбаеваның отбасына көңіл айтып жатыр.
Руслан Күздембаев 15 жыл шамасында нумерологиямен айналысқан. Ол Мюнхен парапсихология институтының курсынан өтіп, Үндістанда білім алған.
Марқұмның артында жұбайы мен кішкентай ұлы қалды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"