Танымал химик қазақстандықтарға суық тию мен дене қызуын түсіруге арналған кең тараған дәрінің қауіпті екенін ескертті

Әлеуметтік желіде суық тию мен дене қызуын түсіруге арналған ең танымал дәрілердің бірі қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстандық метаболикалық коуч әрі химик Шыңғыс Садық "Нимесил" препаратының қолданылуына қатысты қатаң ескерту жасады.
“Нимесил” – кеңінен қолданылатын қабынуға қарсы препарат, алайда оны тұмау кезінде немесе дене қызуы көтерілгенде қолдануға болмайды. Барлығы оны ауырсынуды басатын жақсы дәрі деп біледі, бірақ салдары туралы көп адам ойланбайды. Дәріні бақылаусыз қабылдаған жағдайда ең алдымен асқазан зардап шегеді, шырышты қабаты зақымдалады. Екіншіден, бауырға салмақ түседі, сонымен қатар бүйрекке де күш түседі. Мен “Нимесилді” тайлол немесе терафлю сияқты басқа да қабынуға қарсы немесе қызу түсіретін дәрілермен бірге қолданудан ерекше сақтандырғым келеді. Бұлай жасауға болмайды, өйткені олардың құрамында да уытты әсері бар парацетамол болады. Соның салдарынан адамның ауруын уақытша басқанымен, бауыр мен асқазанның денсаулығын құрбан етеді. Сондықтан “Нимесилге” өте сақтықпен қарау қажет", – деді сарапшы.
Дәрігер аспиринді ең қауіпті дәрілердің бірі деп атады
Қазақстандықтарға тамырға салынатын дәрумендік тамшылардың қауіптілігі ескертілді
Пікірлерде көзқарастар екіге бөлінді. Кейбір қолданушылар бұл препараттың өздеріне көмектесетінін және ешқандай асқынуларға тап болмағанын жазды. Ал өзгелері ауырсыну мен дене қызуын онда немен емдеу керектігін сұрады.
Дәрігерлердің айтуынша, нимесил расында бауырға зиян келтіреді және өзге де жағымсыз салдарларға әкелуі мүмкін. Зерттеулер нимесулид қабылдайтын адамдарда бауыр зақымдану қаупі бұл препаратты қабылдамаған немесе басқа ауырсынуды басатын дәрілерді қолданған адамдармен салыстырғанда 2,2 есе жоғары екенін көрсеткен.
Егжей-тегжейлі зерттелген 33 ауыр жағдайдың ішінде науқастардың шамамен жартысы (45,5%) жедел бауыр жеткіліксіздігі салдарынан қайтыс болған немесе шұғыл түрде бауыр трансплантациясын қажет еткен.
"7 миллиард теңгеге жуық": Алматы әкімін қамтамасыз етуге премьер-министрден көп қаржы жұмсалады