Қазақстандық әйел танымал әншіден некесіз ұл туып, көмексіз және алиментсіз қалған
Бір ғана әні арқылы әлемге танымал болған әнші Adam-ның некесіз баласы бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Бағдарламадан скриншот
Өнер иесінің жеке өмірі “Астарлы ақиқат” бағдарламасында талқыланды.
“Давай не болей” клипінің түсірілімі кезінде таныстық. Таныстық соңы бір-бірімізді ұнатуға жалғасты. Біздің көзқарасымыздан бәрі түсінікті болды. Бірақ клип шыққанға дейін байланыс үзіліп қалды. Алты айдан кейін клип шықты. 2021 жылдың 3 қарашасы болатын. 27 маусым күні жеке парақшама маған “Жүзіңіз таныс” деп жазды. Сол кезден бастап, араласа бастадық. Өзім фотограф болып жұмыс істеймін”, – деді бойжеткен.
Дүниезаданың сөзінше, Adam-мен араласпас бұрын, отбасы құрғанын сұраған. Алайда өнер иесі бойжеткенді алдап, еркін адам екеніне сендірген.
“Алматыға келген күні жолығайық деді. Жолығып, саябақта қыдырдық. Екінші күні-ақ маған махаббатқа қатысты әңгімелер айта бастады. Үйленбегенін айтты. Ол кісіден жеке өміріне қатысты бәрін сұрап алдым. Бірақ ол маған еркін адам екенін айтты. Алайда мені алдаған. Бір айдан кейін жыныстық қатынасқа түстік. Мен бірден жүкті болдым. Ол естігенде маған үйленетінін айтты. Бірақ ол үйленген, отбасы бар екен. Егер оған күйеуге шықсам, оның екінші әйелі боламын. Мен жүкті болғасын, келістім. Бірақ ол баланы туғаннан кейін келуін қысқарта бастады. Соңғы рет осы жылдың наурыз айында ғана келді. Перзентханадан ұлын шығарып алған жоқ. Заңды некеге тұрған жоқпыз. 20-30 мың теңге ғана көмек беретін. Бұрын ұлыма пәтер алып беремін дейтін. Кейін ондай сөз айтпадым деді. Есіне салып едім, болашақта деді. Бағдарламаға келудегі мақсатым – заңды түрде ұлын мойындап, алимент төлеттіру. Ұлымның аты – Темерлан. Әкесі қойды. Ұлым әкесінің әнші екенін біледі. Көшедегі ілініп тұрған афишалардан көріп, “папа” деп айқайлайды, – деді Дүниезада Абдуллаева.
Одан кейін баланың болашағына алаңдайтын Дүниезаданың әпкесі Астанада соңы ұрысқа жалғасқан кездесу туралы айтып берді.
“Ол Дүниезадаға үміт берді. Үйленеміз деді. Оны айыптап, сен анандайсың-мынандайсың деп жаман сөздер айтты. Содан Дүниезада жылап шығып кетті. Егер алимент талап етсек, баланы тартып аламын деді. “Заңды әйелі барын біле тұра сен әдейі отбасын бұздың” деген сияқты сөздер айтты. Заң бәріне ортақ, қалағанын істесін. Баланың анасына да, әкесіне де заң қолданылады. Баланы пайдаланып, хайп жасап жүр дегенді кім шығарды?! Ұрыстың бәрі ұлына көмек сұрап хабарласқаннан шығып отыр", – деді Борно ханым.
Adam соңғы үш айда ғана алимент ретінде 200 мың теңге ақша бере бастаған. Қазір әнші мен Дүниезаданың ұлы Тамерлан 1 жас 3 айға толды.
“Менің бар қалауым – Фарухтың нағыз әке болуы. Баласына көмектескенін қалаймын. Әрине, барлығы заң жүзінде. Бұл жағдайдан кейін ол менімен де, баласымен де араласпайтынын түсінемін. Мен оның өз еркімен көмектесетініне сендім. Бірақ қатты қиналып кеткенде одан көмек сұрауға мәжбүр болдым. Жөргек сатып алу керек болды. Шотты жіберіп едім “Неге маған алдын ал ескертпедің?” деп айғайлады. Қазір оған деген ешқандай сезімім жоқ”, – дейді Дүниезада Абдуллаева.
Заңгер Салтанат Құдайбергенова Adam мен Дүниезада некеге отырмаса да, алимент өндіруге болатынын айтады.
“Adam баланы мойындап отыр. Мұндай жағдайда тиісті құжаттарды жинап, құзіретті органға тапсырасыздар. Оның әкесі туралы мәліметтер оның туу туралы куәлігіне енгізіледі. Егер ол баласын мойындамаса, сотқа жүгінуге тура келеді. ДНК тест тапсырылады. Ол әкелік құқығын мойындаған соң бала алимент алуға құқылы. Adam әкесі ретінде баланың тәрбиесіне, асырауына атсалысуға міндетті. Сондай-ақ бала келешекте мұрагерлікке таласа алады”, – деді заңгер.
Әнші Adam Дүниезаданың “Астарлы ақиқат” бағдарламасына келіп, шағымдануына байланысты қылмыстық кодекстің 389 бабына сәйкес абыройына нұқсан келтірді деген желеумен қылмыстық іс қозғаған. Сондай-ақ ол Дүниезаданы 5 миллион теңге ақша бопсалап, пәтер алып бер деп шарт қойды деп айыптады.
Айта кетейік, бағдарлама ұжымы Adam-ға хабарласқанымен тұтқаны көтермеді.
Еске салайық, талдықорғандық келіншек Алматы облысының экс-әкімі Баталовтан некесіз баласы барын айтқан еді.