Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал актриса Таня Турлайдың әкесі дүниеден өтті

Таня Турлайдың әкесі бақилық болдыФото: https://www.instagram.com/tanya_turlai/

Танымал актриса, блогер Таня Турлайдың әкесі бақилық болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі суық хабарды әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді. Маған әзіл-оспақты үйреткен дәл осы кісі еді.

“Әкем – мен үшін бұл дүниедегі ең мейірімді әрі ең күлкілі адам еді. Маған әзіл-оспақты үйреткен дәл осы кісі еді. Бүгін менің әкем жоқ. Ал мен оны шексіз жақсы көремін. Ол әлемдегі ең керемет әке болды. Менің беларусьтік әкем. Менің супер-механизаторым. Картопты жанындай жақсы көретін. Мейірбаным”, – деп жазды ол.

Актрисаның әкесі обырға шалдыққан.

“Ол қарапайым, адал, түсінікті ғұмыр кешті. Еңбек етті, күлді, өзіне тән жолмен, қолдан келгенше, бірақ бар жүрегімен сүйді. Жүздеген мың гектар жерге егін екті, тонна-тонна нан өсірді… Былтыр ол өте ауыр науқастанып қалды. Біз ешкімге тілемейтін жолдан өттік. Біз бәріміз бірдейміз… Сонда да соңғы демге ешқашан дайын болу мүмкін емес екен. Біз соңына дейін жанында болдық… Өмірде ең ауыр нәрсе – ең жақын адамыңның қалай кетіп бара жатқанын көру. Обыр жеңді”, – деп жазды ол.

Ол жазбасында әкесінің жақсы қасиеттерін еске алды.

“Әкемнің өмірін ұзартуға көмектескен керемет адамдар, дәрігерлер мен клиникалар өте көп болды. Біз бірге болуға, қоштасуға үлгердік… Әкем мені орманға саңырауқұлақ теруге апаратын. Тракторға мінгізіп қыдыртатын. Мені күлдіретін. Ал менің бала күнімде алғаш рет лезгинка билегенімді көргенде, аздап көңілі толқып: “Қызым, мен сенімен сондай мақтанамын!” деп айтып, кейін жылап жібергені бар. Ол бізді өте қатты жақсы көрді. Үнсіз, даңғазасыз, бірақ шынайы. Би билегенді, музыка тыңдағанды жан-тәнімен сүйетін. Сіздер біздің әкеміздің қаншалықты мейірімді, жарық жан болғанын елестете де алмайсыздар. Оны таныған әр адам Сашка Турлайды ешқашан ұмытпайды. Дядя Саша, Александр Иванович, Саня”, – деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін ауыр дертке шалдыққан “Рэкетир” фильмінің жұлдызы Мұрат Бисембин 54 жасқа қараған шағында өмірден өткені туралы хабарлаған едік.

Алматыда туыстары мен жақындары актер Мұрат Бисембинді ақтық сапарға шығарып салды.

Балнұр Жұмаділла
Бейсенбі, 15 Қаңтар, 2026 10:34