Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал актер Брэдли Купер сүйіктісі Джиджи Хадидке үйленуге ұсыныс жасады

Бредли Купер Джиджи Хадидке үйленуге ұсыныс жасадыФото: AP

Брэдли Купер сүйіктісі Джиджи Хадидке үйлену үшін оның ата-анасынан ресми түрде рұқсат сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Актер үйлену туралы ниетін модельдің анасы Иоланда Хадидпен сөйлесу барысында білдірген.

“Иоланда келісімін берді, сондықтан бұл – заңды да қисынды қадам. Ал Джиджидің әкесіне Брэдлиге тұрмысқа шыққысы келетінін айтуы – үлкен шешім, бұл бәрін ресмилендіргендей болды”, – деді инсайдер.

Купэр мен Хадид 2026 жылы үйлену тойын өткізуге байыппен дайындалып жүр.

“Купер Иоланданың оның Джиджиге қаншалықты шынайы қарайтынын, әрі Нью-Йоркте онымен бірге берік отбасы құрғысы келетінін білгенін қалайды”, – деп қосты дереккөз.

Сондай-ақ хабарламада Брэдлидің үйлену жоспарын анасымен де талқылағаны айтылады. Ал Джиджи ұсыныстан хабардар және бұл мәселені әкесімен де сөйлесіп қойған.

Айта кетейік, бұған дейін әйгілі әнші Тейлор Свифт әлемдік турынан кейін командасын сыйлықақымен таңғалдырғаны хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Сәрсенбі, 24 Желтоқсан, 2025 11:45