Қазақ жауынгері өзбекстандық қарсыласын небәрі 52 секундта сұлатып түсірді
Фото:Vesti.kz
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Көшен Ақанов (6–1) Бухара қаласында өткен бахрейндік Brave 103 пен өзбекстандық ATF 27 ұйымдарының біріккен турнирінде октагонға шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол Өзбекстан өкілі Сардор Худойбердиевпен (9–3) жекпе-жек өткізді.
Айқас негізінен үш раундқа жоспарланған. Алайда Көшен Ақанов қарсыласын небәрі 52 секундта нокаутқа түсіріп, айқын жеңіске жетті. Осылайша қазақ файтерінің жекпе-жегі айтулы кештің басты оқиғасына айналды.
Айта кетейік, бұл жеңіс Көшен Ақановтың мансабындағы жетінші жеңісі болды.
28 жастағы спортшы 2025 жылдың мамыр айында ресейлік Валерий Гусаровтан жеңілген еді. Бұл оның кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісі болған.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі

