Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таңғы асқа 20 жұмыртқа, 8 нан: Жер бетіндегі ең ұзын адам жайлы не білесіз? (фото)

Федор Андреевич Махновты өз заманында әлем таныған еді. Ол әлемдегі ең ұзын адам болды. Оның салмағы 182 келі, бойы 285 сантиметр болған. Оның етігінің ішіне 12 жасар бала еркін сиып кететін.

552

Фото: Культурология

Федор Махнов 1878 жылы 6 маусым күні Костюки ауылында кедей отабсында өмірге келді. Махновтар әулетінің мүшелерінің бойы орташадан жоғары болған. Бірақ алып адамдар емес еді. Федордың анасы оны босану кезінде көз жұмды. Бала алып болып өмірге келді. Оны атасы тәрбиелеп өсірді.

255

Федор бастапқыда өзге балалар секілді болды. 8 жасынан бастап жылдан өсе бастаған. 12 жасында бойы екі метр болыпты. Ол денесіне сай алып күш иесі болған.

647

Бала 14 жасқа толғанда оның бойының ұзындығына байланысты лашықты қайта салуға тура келген. Өзін мазақтап күлген балалардың бас киімдерін үй шатырына іліп қоятын болған.

745

Бір күні цирк иесі Отто Бидиндер алып баланы базарда байқап қалады. Ол кезде ерекше балалар танымалдық үшін жұмыс істейтін еді. Отто Бидиндер баланың туысын көндіріп, оны Германияға жіберткізеді.

843

Федор Махнов алдымен неміс тілі мен цирк өнерін үйренеді. 16 жасында келісім шартқа отырып, циркке жұмысқа орналасады.

1029

Ол қабырғасымен кірпішті сындырып, жатып алып оркестрмен бірге платформаларды көтерген. Ел оны өз көзімен көру үшін алыс-жақын жерден келіп жетті.

1103

25 жасында Федордың бойы 2 метр 85 сантиметр болды.

Махнов 9 жыл циркте жұмыс істеп ауқатты адамға айналды. ХХ ғасырдың басында туған жеріне көшіп келіп, жер сатып алып өз бойына сай үй салып алады. Цирк иесі Бидиндер Германиядан құрылыс материалдарын жіберіп отырған. Олардың достығы өмірінің соңына дейін жалғасты.

356

Алып бала тамақты да көп ішкен. Таңғы асқа 20 жұмыртқа, 8 нан, 2 литр шай ішсе, түскі асқа жарты келі ет, жарты келі картоп жеген.  Өзі 24 сағат ұйықтайтын болған.

Ауқаттылығы мен жомарттығына қарамастан алып жігіт ұзақ уақытқа дейін өзіне жар таба алмай жүреді. Ақырында ауыл мұғалімімен үйленеді. Әйелінің бойы орташадан жоғары болған. Бәрібір бой айырмашылығы бір метр болған. Ол 5 баланы өмірге әкелді.

Федор арагідік Еуропаға барып, циркте өнер көрсетіп тұрды. Оның танымалдығы жоғалмай, әр жерге шақырту алып тұрды. Алайда оның бойына байланысты жол жүру оңайға соқпайтын еді.

1129

Федор Махнов 1912 жылы 34 жасында көз жұмды. Алып адамның өлімінің себебі белгісіз. Оны туған ауылына жерледі.

1227

Құлыптасында: Федор Андреевич Махнов. 1878 жылдың 6 маусымында өмірге келді. 1912 жылдың 28 тамызында өмірден өтті. Ол әлемдегі ең ұзын адам», – деп жазылған.

Құлпытаста оның бойы 254 см деп 30 см-ге кем қате көрсетілген. Ол оның 16 жасындағы келісім шарт бойынша берілген мәліметпен жазылыпты.

Тағы да оқыңыз:

83 жастағы қария кемпірін пышақтап өлтірді

Мың жыл бұрынғы будда монахының денесі мен миы сол күйінде сақталған (фото)

Қазақстанда діни сеніміне қарамастан міндетті вакцинация енгізілуі мүмкін

Талқылау