Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда тамыз айынан бастап баланың денсаулық паспорты электронды форматқа ауысады

2024 жылдың тамыз айынан бастап Денсаулық сақтау министрлігі баланың денсаулық паспортын электронды форматқа көшіреді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Gov4c.kz

Ведомствоның хабарлауынша, жыл сайын 380 мыңнан астам баланың ата-анасы бірінші сыныпқа қабылданған кезде осы құжатты өткізеді. Дәл осы қағаз нұсқа деректердің жоғалуына және емханаларда ұзақ күтуге әкелді. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігі құжатты электронды форматқа көшіру туралы шешім қабылдады.



"Электронды төлқұжатты eGov Mobile-мен интеграциялауды аяқтаудың жоспарланған мерзімі – 2024 жылдың тамызы", – делінген хабарламада.

Жаңашылдықтың нәтижесінде мектептер өз оқушыларының денсаулық жағдайы туралы өзекті деректерді жылдам ала алады. Емханаларда медициналық тексеруден кейін ақпарат автоматты түрде беріледі.

Айта кетейік, бұған дейін жұмыс берушілер өндірістегі жазатайым оқиға туралы есепті электронды форматта жіберуге міндеттелетіні туралы жазған едік. 

Талқылау