Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұмыс берушілер өндірістегі жазатайым оқиға туралы есепті электронды форматта жіберуге міндеттеледі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жазатайым оқиға туралы актіні электрондық форматта еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жіберу қағидаларын әзірледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay

Қағидада өндіріске байланысты әрбір жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін жұмыс беруші үш жұмыс күнінен кешіктірмей жазатайым оқиға туралы актіні жасауға және оны электрондық форматта еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жіберуге міндетті екені айтылған.

Жазатайым оқиға туралы акт "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы жіберіледі. Көрсетілген портал арқылы жазатайым оқиға туралы хабарлама жіберу үшін жұмыс беруші электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған жеке кабинетті тіркеуі қажет.

“Жеке кабинетте жұмыс беруші жазатайым оқиға туралы актіні сканерленген көшірме түрінде тіркейді. Электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қоя отырып, еңбекті қорғау және қауіпсіздік ақпараттық жүйесіне жібереді. Жазатайым оқиға туралы актіні жұмыс беруші немесе оның тапсырмасы бойынша жұмыс берушінің актісімен осы жауапкершілік жүктелген қызметкер береді”, – делінген хабарламада. 

Талқылау