Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары қызметінен кетіп, жаңа лауазымға тағайындалды

Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатылды. Ол мемлекет басшысының көмекшісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: primeminister.kz

Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы қол қойды.

"Тамара Дүйсенова бұрын атқарған қызметінен босатылып, президенттің көмекшісі лауазымына тағайындалсын", – делінген жарлық мәтінінде.

Тамара Дүйсенова 1965 жылы 11 қаңтарда дүниеге келген. 1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген.



Еңбек жолын Сарыағаш қаласындағы Ильич атындағы орта мектепте мұғалім болып бастаған. Әр жылдары экономист, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болды.

  • 2002-2006 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;
  • 2013-2014 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін басқарды;
  • Содан кейін ол үш жыл Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі қызметін атқарды;
  • 2019-2020 жылдары – Қазақстан президентінің штаттан тыс кеңесшісі;
  • 2020-2022 жылдары – Қазақстан президентінің көмекшісі – президент әкімшілігінің өтініштерді қарау мониторингі бөлімінің меңгерушісі;
  • 2023 жылғы 8 маусымнан бастап премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
  • 2023 жылғы 2 қыркүйекте Дүйсенова Еңбек министрі қызметінен босатылды.

Ол премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.

Айта кетейік, 2024 жылдың ақпан айында Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары қызметіне қайта тағайындалған еді. 

Талқылау