Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тамара Асар Төреғалидің концертіне өзі тіккен көйлекті киіп шықты (видео)

Жуырда Тамара Асар жұрт білмейтін жаңа қырымен танылды. Ол Төреғали Төреәлінің концертіне өзі тіккен көйлекті киіп шыққан екен. Бұл киім әншінің қазақы образына жат болса да, өзі тіккен соң кимеуге қимағандығын айтады.

14052711_1304681202882876_1443278332_n

Фото: instagram.com/tamara_assar_official/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әнші жуырда өткен Төреғали Төреәлінің концертінде “Төрешім” атты әнді орындаған болатын. Ол дәл осы сәтте сахнаға өзі тіккен көйлекті киіп шыққан екен. Тамара Асардың мұндай өнері туралы көпшілік білмеген-ді.

“Төрештің концертін тамашаладық. Қанаты талмасын бауырымның! Мына көйлек менің қазақы образымнан сәл алыстау, дегенмен бұл көйлекті өзім тіккеннен кейін, кимеуге қимадым. Жарықтық гардеробта ұзақ ілініп тұрды. Әрбір еңбек өзінің еленетін күнін күтеді ғой. Бұл көйлектің қошемет көрген күні Төрештің концерті болды. Кейбіреулеріңіздің көңілдеріңізден шықпасам, кешірім өтінемін.

Көз майымды жұмсаған еңбегімнің бірі деп қабылдарсыздар. Сән әлемінің дизайнерлерімен таласым жоқ, дей тұрғанмен ине жіпті әртүрлі “жанрда” сабақтап тұратыным бар. Кейде дөп түсемін, кейде қисық кетуім мүмкін. Сіздердей инста достар барына мың алғыс. “Сын” айтып, “шын” айтып отыратын достарыма рахмет.  Қорқынышты пікірлер жазбай-ақ қойыңыздаршы”, – дейді Тамара Асар.

Әнші ашықтау көйлегі үшін сөз естимін бе деп қорықса да, желі қолданушылары тек жағымды пікірлерін жазып жатты. “Тамара ханым, көйлегіңіз керемет екен”, “Төрештің әні де, көйлегіңіз де өзіңізге жарасып тұр. Бірақ бишілердің киімі сәл ыңғайысыздау екен. Ұлттық киімді олай қорламайықшы. Ашық-шашық жерлерін қымтаса немесе көйлектерін толық еуропа стилінде тіктірсе жақсы болатын еді. Бұл енді жеке ойым”, “Жарқ ете қалғаныңызда сәл иығы ашықтау ма деп күмілжіп қалғаным рас. Енді түсініп отырмын. Қолөнеріңіздің жемісі әніңіз бен қимылыңызға үйлесіп тұр”, “Әдемі жарасып тұр. Өзіме ұнады” дейді желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Тұрсынбаева: Аяғы көз алдында қақ бөлінгенде мойымаған Тамараны сыйлаймын

Тамара Асар: Жұртқа бөліп бере алмаған соң байлығымды көрсетпеймін

Қазақ эстрада әншілері той мен сахнаны шатастырған әріптестерін сынады

Тамара Асар өзінің өмірлік қорғаны туралы айтып берді

Талқылау