Тамара Асар: Бір жарым жасар ұлым афроамерикандықтардың мойнынан құшақтап, бетінен сүйіп жүре беретін
Әнші Тамара Асар Мәскеуде емделіп жүрген кездерін еске алып, басынан өткен оқиғасын айтып берді. Әншінің сөзінше, Мәскеуде бір жарым жасар ұлы көршілес тұрған афроамерикандықтардан жатырқамай, қасында жүрген екен, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұл туралы Тамара Асар Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
«Мәскеуде денсаулығыма байланысты көп болдым. Әуелгі кезде Қамбарды өзіммен бірге алып кетіп жүрдім. Қасымда маған да, Қамбарға да қарау үшін үлкен апам Лаура жұмысынан сұранып, еріп жүрді. Маған ауруxанаға тамақ апаруға кеткенде, Қамбарды өздері тұратын қонақүйдегі шетелдік аспиранттар қаранәсілді афроамерикандықтарға тастап кетеді екен. Бір жарым жастағы бала солардың мойнынан құшақтап, бетінен сүйіп жүре беретін. Мен соны суреттен көріп, апамнан естіп, ішім біртүрлі болып, жылаушы едім»,- дейді әнші.
Әншінің сөзінше, әпкесі жұмысы үшін елге қайтып оралуы керек болып, ұлын өзімен бірге алып кеткен. Алайда анасы қызының баласын өзі баққанын қалапты.
«Кейін ем ұзаққа созылған кезде, Лаура жұмысқа бару керек болғасын, Қамбарды алып ,ауылға кетті. Сол кезде әжесі: «Тістеп бақсаң да балаңды денсаулығың жақсы болғасын өзің бағасың. Маған да, басқаға да бауыр басқызба. Алла саған өлмесін деп өкпе тістеткен баласы», -деп, іші қайнап жатса да қаттылықпен қарады. Мен Мәскеуден келіп көліктен түсіп жатқанда менің шешем: «Ойбуй, шешесі келе жатыр. Ана баланың бетін жуыңдар, таза киім кигізіңдер!» – деп айқайлайтын. Тез бетінің тек ортасы ғана жуылып, самайы, мойны күйе-күйе болып, ескі ауыл киімнің сыртында асығып, ілгегі ауысып салынған сәнді киім киіп, жанталасып Қамбар ыржиып айқайлап шығатын. Апам терлеп алдымнан шығып тұратын… Көрген түстей ұзақ әңгіме… Енді Қамбар әжесіне сақина тағып көрісіп жүр…» – деп жазды әнші.
Өз кезегінде әншінің оқиғасы желі қолданушыларының жүрегін елжіретті. «Көрер қызығыңыз көп болсын! Қамбарыңыздың бақытты шағының куəсі бола беріңіз. Алла сізге зор денсаулық берсін!», «Жүрегім ауырып кетті ғой. Аллаға шүкір, қазір Қамбарыңыз үлкен азамат болды. Қуанышына бөленіп жүре берсін әжесі», «Көңілімді босатып жібердіңіз. Анаңыз әдемі қартайып, ұлыңыздың қызығын көрсін!» – деп жазды пікір қалдырушылар.
Оқи отырыңыз:
Мейрамбек Бесбаев отбасымен бірге Мысыр елінде саяхаттап жүр (фото)
Махаббат бойға қарамайды: Әнші Азамат Есеевпен танысуды армандайтын қыздар оған маза бермей жүр
Сәкен Майғазиев: Кең көйлек, көкпеңбек дипломмен «гүл» болып тұрған мені кім таныды?
Марқұм әкесін туған күнімен құттықтаған Әли Оқапов жұрттың жүрегін елжіретті