Тамара Асар аяғының ауыр екенін айтып қалды
Тамара Асар бірнеше сағат бұрын инстаграм парақшасында кезекті жазбасын бөлісті. Аталған жазбасында әнші босанғалы жүргенін айтып қалған-ды.
Фото: instagram.com/tamara_assar_official/?hl=ru
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Осы уақытқа дейін әнші “Ол маған өзінің махаббатын дәлелдеді. Бар әлемді аяғымның астына тастады. Ал мен оған “Мәңгілік менің қасымда өмір сүруіне рұқсат бердім…” деген жазбасын жариялады. Осыдан кейін желі қолданушылары оның сүйіктісі бар деп болжам жасады. Енді міне Тамара ханымның екіұшты ойын көпшілік түсіне алма әлек болып жатыр.
“Көптен толғандырған “ойдың” шешімі туатын күн де болады… Себебі, “аяғы ауыр әйел мәңгі олай қалмайды. Міндетті түрде босанады”. Қорытындының қандай болатыны бұйырымыспен… Ең қызығы, арқалаған ойдың да, бойға біткен баланың да берері “бір-ақ” нәрсе. Ол – тәжірибе! Жаңа тәжірибе жинайтын күн басталды. Қайырлы таң халқым!” – дейді әнші.
Тамара Асар әзірге бұл жазбасының мағынасын ашып айтпады. Десе де, желі қолданушылары оны жүкті екен деп ойлады. Құттықтауларын жарыса жазып жатыр. “Қандай бойында күш-жігері көп азаматшасыз! Сіздей қазақ аруының барына шүкіршілік. Тек алға. Ешуақытта мойымаңыз. Сіз бақытты жансыз. Өмірге бала әкелу – тек бақытты аналарға бұйырған қуаныш. Қуанышыңызға ортақпыз!”, “Құтты болсын! Аман-есен босаныңыз”, “Қасиетті жұмамен келген тамаша хабарыңызға рахмет, Тамара ханым! Аллам енді ай-күніңіз жеткенде тағы бір тамаша хабар естідік. Аяқ-қолыңызды аман-сау бауырыңызға басып, тезірек ортамызға оралыңыз. Ана болу – Алланың әйелге нәсіп еткен керемет сыйы. Оны өзім 37 жасымда түсіндім. Бұл бақытты тілмен айтып жеткізу мүмкін емес” деп жазады олар.
Жіберіп алмаңыз:
Арманның тон алып бергенін айтып мақтанған Аша сынға қалды
Қытай қызы: Димашпен тек Майкл Джексон теңесе алар еді (фото)