Тәліптер Ауғанстан туралы видео түсіріп, туристерді шақырды

Видеодан скриншот
Ауғанстанды билеп тұрған "Талибан" тобының өкілдері елі туралы видео түсіріп, туристерді шақырған. Видео Afghanarabc Instagram-парақшасында жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде жарияланған кадрларда автоматтары бар тәліптер үш адамның басына пакет кигізіп, отырғызып қойған. Содан кейін “Біздің Америкаға хабарымыз бар” деп тұтқынның басынан пакетті алады да, “Ауғанстанға қош келдіңіздер!” деп ағылшынша айтады. Видеода ер адамдардың автоматтармен көшеде жүргені көрсетілген.

Видеодан скриншот
Видео ирониялық сипатта жасалған. Онда Ауғанстанның табиғаты көрсетілген. Бір кадрда тәліптер мылтықты гүлмен әсемдеп қойыпты.
Еске салсақ, ресейліктер Ауғанстанға "Талибан турмен" сапарлайтыны айтылды.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді