Талғат Байсуфинов: Қазақстан құрамасына өз ойын стилін қалыптастыру керек
Фото:Kff_team
Қазақстан құрамасының уақытша бас бапкер қызметін атқарып жатқан Талғат Байсуфинов Бельгияға қарсы матчқа дайындық жоспары туралы пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Талғат Байсуфинов “Бірінші бол” арнасына берген сұхбатында ол команда өз стилін қалыптастыру керегін алға тартты.
Сонымен қатар бапкер ойын тұрақтылығын арттыруға және әр матчқа барын салуға ұмтылатынын жеткізді.
“Өз бапкерлік штабымызбен келісіп, максималды нәтижеге таласамыз деп шештік. Бұл ойыншыларға қосымша мотивация болады. Біз бір матчқа ғана тоқтап қалмаймыз, әр ойын маңызды. Қазақстан құрамасының өз стилі мен ойыны болуы керек”, – деді Байсуфинов.
Айта кетейік, 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы 15 қарашада өз алаңында Бельгияға қарсы матч өткізеді. Бұған дейін Қазақстан Лихтенштейнді 4:0 жеңіп, Солтүстік Македониямен сырт алаңда 2:2 тең түскен еді
Талқылау

