Талғардағы төтенше жағдай: Прокуратура полицияға қатысты іс қозғады
Фото: ІІМ
Алматы облысының прокуратурасы кісі өлімі, зорлау және адам ұрлау фактісі бойынша Талғар ауданының полиция басқармасы лауазымды тұлғаларының әрекетсіздігіне қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Прокуртура тәртіп сақшыларына қылмыстық кодекстің 370-бабы 4-бөлігі (Лауазымды тұлғалардың әрекетсіздігі) бойынша іс қозғады.
“Полиция адам зорлады деген күдікпен ұсталған күдіктіні ұстау және тиісті шаралар қабылдамаған. Нәтижесінде ол Талғар ауданы, Қызылқайрат ауылында ер адамды өлтіріп, кәмелетке толмаған қыз баланы ұрлап әкеткен”, – делінген хабарламада.
Бұл іс арнайы прокурорлардың өндірісінде. Тергеу барысы облыстық прокуратураның ерекше бақылауында болады.
“Прокуратура жалған ақпарат таратқандардың жауапкершілікке тартылатынын ескертеді және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрайды”, – делінген хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.
Айта кетейік, Талғарда ер адамға оқ атып өлтіріп,екі жасар қызын ұрлап кеткен еді. Кейіннен бүлдіршін аман-есен табылып, күдікті қолға түскен. Сотталушы қамауға алынып, оның қылмыс үшін қолданған қаруы тәркіленді. Ал өзі қамауға алынды

“50 жыл басқа елде тұрған ата-анам артымнан еріп, көшіп келді”: Қазаққа келін болып түскен корейлік ару жаңа отбасы туралы айтып берді
