Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талғардағы оқиғадан соң желіде боттар көбейді: Министр ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Талғардағы оқиғаға байланысты әлеуметтік желілерде қалыптан тыс белсенділік туралы ақпарат расталмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мәдиев ботоферманың жоқ екенін мәлімдеді.

"Платформалардың өзі ботофермалармен күреседі. Бұл компаниялардың өздері ботофермаларға тыйым салатынын көрсетеді. Егер  жасанды интеллекті боттарды анықтаса, бұл аккаунттарды автоматты түрде бұғаттайды. Біз бұл туралы олармен үнемі талқылаймыз және олар мұны растайды. TSARKA ісін TikTok-тың аймақтық директорымен талқыладым. Олар маған ботоферма болып көрінетін аккаунттардың бір-бірімен байланысты емес екенін растады. Мұнда бірігіп істелген іс жоқ", – деді Мәдиев.

15 желтоқсанда TSARKA кибершабуылдарды зерттеу орталығы желіде Талғардағы қайғылы оқиғаға байланысты шектен тыс белсенділік байқалғанын хабарлады. Митинг туралы видео енді ашылған парақшада 850 000-ға жуық қаралды. Компания интернеттегі ақпаратқа сыни көзқараспен қарауды және оның көздерін бірнеше рет тексеруді ұсынады.

Талқылау