Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талғардағы бала ұрлығы мен ер адамның өлімі: Іс бойынша әрекетсіздік танытқан полицейлер сотталмақ

полиция

Фото: ІІМ

Алматы облысында полиция қызметкерлері әрекетсіздігі үшін сотқа тартылады. Талғар ауданының екі тергеушісі қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану және әрекетсіздік танытты деп айыпталуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Жетінші арнаға” сілтеме жасап хабарлайды. 

Прокурорлардың нұсқасы бойынша, салдарынан ер адам оққа ұшып, әйелді зорлап, екі жасар қызды ұрлап кетуге әкеп соққан.

Талғар ауданының Қызылқайрат ауылында ер адамның ажал құшып, баланың ұрланғаны туралы өткен жылдың 6 қыркүйегінде белгілі болды. Көлік жөндеу станциясының (СТО) қызметкері ауыл тұрғынын зорлап, оны бір ай бойы бопсалаған. Кейін ол әйелдің ағасын өлтіріп, оның екі жасар қызын ұрлап кеткен. Қуғын кезінде күдікті баламен бірге автокөлікпен жардан құлап кеткен. Қыз бала жарақат алып, оған ота жасалды. Кейінірек белгілі болғандай, қайғылы оқиғадан бір ай бұрын ұрланған қыздың анасы зорлау фактісі бойынша арыз жазған, алайда полиция ол кезде ешқандай шара қолданбаған. Бұдан бөлек, күдікті қамаудан босатылған.

Сол күні Алматы облысының прокуратурасы полиция қызметкерлерінің әрекетсіздігі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл іс бойынша сот отырысы жабық режимде өтуде, негізгі фигурантқа 12 қылмыс бойынша айып тағылған. Айыпталушылар қатарында тағы екі жасөспірім бар. Оларға кісі өлтіруге және адам ұрлауға қатысқаны үшін айып тағылып отыр.

Назархан Уән
Жексенбі, 08 Ақпан, 2026 16:34