Зорлады деп күдікке ілінген ер адам Талғардағы изолятордан қашып кетті: Кінәлілер жазаланады
Талғарда тергеу изоляторынан қашып кеткен күдіктінің жағдайы бойынша тергеу басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ішкі істер министрлігі Талғардағы уақытша ұстау изоляторынан зорлау бойынша күдіктінің қашу фактісін тексеріп жатыр. Мұны Мәжіліс алаңында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді.
"Барлық шара қолданылып жатыр. “Немқұрайлық” бойынша іс қозғалды. Кінәлілерді жауапқа тартамыз", – деді Лепеха.
Мән-жайды анықтау үшін қызметтік тексеру тағайындалды. Негізгі бағыттарда бақылау бекеттері бар.
Еске салсақ, бұған дейін Талғарда зорлау оқиғасы бойынша күдікті изолятордан қашып кеткені айтылды. Кейін ол туралы толық ақпарат шығып, аты-жөні, жасы, мекенжайы көрсетілді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"