Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ішкі істер министрлігі Шерзат Болатты өлтірген күдіктілер арасында бұрын сотталғандар барын растады

Ішкі істер министрлігі Талғарда 16 жастағы Шерзат Болатты өлтірді деп айыпталған күдіктілер арасында бұрын сотталғандар бар екенін растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Бұл туралы ішкі істер министрлігі тергеу департаменті бастығының орынбасары Самат Айсов мәлімдеді.

“Қылмыстық іс бойынша күдіктілер қатарында басқа да істер бойынша сотталғандар да бар. Қылмыстың түрлері – бұзақылық және т.б”, – деді Самат Аисов.


Талғардағы Шерзат Болаттың өлімі: 10 адам күдікті деп танылып, бес қылмыстық іс қозғалды


Журналистер министрлік өкілдерінен күдіктілердің арасында пробациялық бақылауға алынғандар бар екенін атап өтіп, олардың түнде неліктен серуендеп жүргендерін және бұл жөнінде қандай шаралар қолданылғанын сұрады.

“Түнде үйінен тыс жерде болған пробация бақылауындағы тұлғаларға қатысты қызметтік тексеріс жүргізіп, қызметкерлеріміздің неліктен мұндай жағдайға жол бергенін анықтаймыз", – деді ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов.

Еске салсақ, бұған дейін Талғарда 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болаттың өліміне қатысы бар делінген күдіктілердің бұған дейін сотты болғандары туралы ақпарат тараған еді. 

Талқылау