Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талғардағы қылмыс: Күдікті 2 жасар қызды алып, көлікпен жардан құлап кеткен

Талғардағы қылмыс: Күдікті 2 жасар қызды алып, көлікпен жардан құлап кеткенФото: Іnstagram.com/stories/advokat_saryyeva

Талғарда күдікті ұрлап әкеткен 2 жасар қызға ота жасалып, тіліне сегіз тігіс салынды. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиғаның мән-жайын заңгер Гаухар Сарыева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

“Операция қазір аяқталды. Қыздың тіліне сегіз тігіс салынды. Операция сәтті өтті. Күдікті қызбен бірге, көлікпен жардан құлап кеткен. Ол қызға тиіспепті. Көрер жарығы бар екен”, – деп жазды адвокат.

Айтуынша, бүлдіршін көлікпе жардан құлаған сәтте түрлі дене жарақатын алған. 

Күдікті ұрлап кеткен қыздың анасы – мейіргер. Ағасын өлтіріп, қызын ұрлап кеткен сәтте ол көршінің үйінде қатерлі ісікпен ауырып жатқан науқасқа дәрі егіп жатқан. 

“Қылмыскер әйелді және баласын алып кету үшін келген болса керек. Егер сол сәтте әйел үйде болғанда не болатынын елестете де алмаймын”, – деп жазды Сарыева.

Айта кетейік, Талғарда ер адамға оқ атып өлтіріп,екі жасар қызын ұрлап кеткен еді. Кейіннен бүлдіршін аман-есен табылып, күдікті қолға түскен. Сотталушы қамауға алынып, оның қылмыс үшін қолданған қаруы тәркіленді. Ал өзі қамауға алынды. 

STAN.KZ
Жексенбі, 07 Қыркүйек, 2025 11:09
Талқылау