Атышулы Талғар қаласының әкіміне жұмысын дұрыс орындамағаны үшін айыппұл салынды
Фото: жеке парақшасынан
Талғар қаласының әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы жолдарды дер кезінде қар мен мұздан тазалатпағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Талғар аудандық полициясы мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шенеунікке Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 631-бабының 1-бөлігі ("Жолдарды күтіп-ұстау талаптарын орындамау") бойынша айып тағылды.
Аталған бапқа сәйкес, лауазымды тұлғаларға 10 АЕК (39 320 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.
"Мықты болсандар шығып, қаламыз үшін жұмыс істеңдер ертен менiмен бірге", - деп жазды әкім оқиғаға қатысты.
Бұған дейін Талғар қаласының тұрғындары әлеуметтік желілерде көшелердің қар мен мұздан тазаланбағанына шағымданған болатын.
"Біздің әкім TikTok-та ғана белсенді, ал жолдар мен тротуарлар қар астында. Жүріп те, көлік айдай да алмайсың, өте тайғақ", - деп жазған қала тұрғындары.
Айта кетейік, Арыстанбек Әбілқайырұлы әлеуметтік желілерде белсенді әкімдердің бірі. Ол тұрғындардың шағымдарына жеке өзі жауап беріп, мәселені шешу үшін оқиға орнына барады. Бұған қоса, ол TikTok-та мектеп оқушыларымен бірге Кендрик Ламардың әуеніне билеп, желі қолданушыларының назарын аударған еді.
Арыстанбек Әбілқайырұлы өткен жылдың желтоқсан айында өткен сайлауда 3 кандидаттың арасынан 9071 дауыс жинап, Талғар қаласының әкімі болып сайланған.
"Соңы қуғын-сүргінге алып келеді": Белсенділер Қазақстан депутаттарының ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы шешіміне қарсы шықты