Талдықорғандық 40 кг гір тасын тісімен көтеріп жұртты қайран қалдырды
Талдықорған қаласының тұрғыны салмағы 40 кг болатын гір тасын тісімен көтерді. Ол бұдан өзге де өнерлерін көрсетіп, студия қонақтарын таң-тамаша етті.
Бұл туралы “Айтуға оңай” бағдарламасында айтылды.
Мирас Құрымжанов Талдықорған қаласының тұрғыны. Ол мектеп бітіргелі спортпен айналысып келеді. Университетте оқып жүрген кезде, әртүрлі қашықтыққа жүгіруден алдыңғы орындарға ие болды. Кейін біртіндеп ауыр атлетикаға ойысты. Қазір ол 40 кг гір тасын тісімен көтеріп, 15-20 килограмдық шынжырмен секіреді. Сондай-ақ құлағымен 5 литр су көтеріп, бір саусақпен ғана жер тіреп тұрып, 20 рет тартыла алады. Ең қызығы, ол қалың резіңкеден жасалған грилканы үрлеп жарып талайды таң қалдырған.
“Жуырда Талдықорғанда рекорд орнаттым. Салмағы 40 кг болатын гір тасын тісіммен 30 секунд бойы ұстап тұрдым. Жеті жасымнан бастап спортпен айналыстым. Жүгіруден де әртүрлі жетістіктерге жеттім. Көбінесе спортпен үйде айналыстым. Кез келген жастағы адам спортпен айналысуы керек. Себебі, оның денсаулыққа берер пайдасы мол. Ата-бабамыздың қаны мықты. Әкем жауырыны жерге тимеген палуан болған. Үйде төрт қыз, үш ұлмыз”, – дейді Мирас Құрымжанов.
Ер азамат өзінің жеті жасар қызын да спортқа баулып жүр екен. Ол жоғарыдағы өнерлерінің барлығын “Айтуға оңай” бағдарламасының студиясында көрсетті. Алдымен, тісімен гір тасын көтеріп, 8 килограмдық шынжырмен бірге секірді. Бұдан өзге грилканы үрлеп жарды.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстандық суретші 20 жылдан бері қыста жалаңаяқ жүріп жұртты таңғалдырды
Мүгедек қария саусақтарының орнына сым байлап күй тартты (фото)
Жүрегі оң жағында орналасқан қазақ қызы сөздерді керісінше оқиды
Алматылық шетелдіктерге арналған жезөкшелер ордасына қалай жұмысқа тұрғанын айтты