Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда бала-бақша қызметкерлері мекемені әлдекімдердің дуалап тастағанын айтып даурықты

Талдықорғанда бала-бақша қызметкерлері әлдекімдердің сиқыр жасамақ ниетте екенін айтып алаңдаулы, деп хабарлайды КТК.

Қызметкерлердің айтуларынша әлдекім біраздан бері мекеме алдына тұз араласқан көкнәр дәнін тастап кетіп жүр екен. Қызметкерлер ғаламтор арқылы іздестіріп мұндайды дулау кезінде жасайтынын білген. Ақырында полицияға хабарлайды.

«Жұмысқа келе жатқанда тұз араласқан көкнәр тауып алдым. Ұстауға қорықтым. Бөлім меңгерушісін ертіп келіп көрсеттім. Ол бәрін тазалап жуып тастауды керек екенін айтты», – дейді тәрбиешінің көмекшісі Айым Басырова.

Алайда бұл жағдай қайталана берген. Тұз бен көкнәр дәнін шкаф арасынан да, төсек астынан да табылатын болған. Қызметкерлер бала-бақшада бір сағатқа электр жарығының сөніп қалғанын да тылсым оқиғамен байланыстырады.

Мекеме меңгерушісі өздігінен тексеру жүргізген. Бейнебақылау камерасын қарап көргенімен ешнәрсе байқамапты.

«Полиция майоры келді. Бізге мұны тексере алмайтынын айтты. Бұл магия, сиқыр, басқа ешнәрсе де емес деді. Әлдекім сиқыршыларға барған көрінеді», – дейді бала-бақша меңгерушісі Гаухар Нұрахжанова.

Облыстық ІІД бұл іспен айналысудан бас тартты. Сондықтан мұғалімдер дуаны қайтару үшін ендң сиқыршыларға хабарласып көрмек.

Тағы да оқыңыз:

Қытайлық әйелдің мұрнына тіс өсіп кеткен

Атырау соты жүкті әйелін перзентханаға жеткізу үшін ереже бұзған жүргізушіні ақтап шықты

Қарағандыда 3 жасар бала дүкендегі үстел үстінде тұрған хлор ерітіндісін ішіп қойды

Талқылау