Талдықорғанда пластик қалдықтар сақталған қойма өртенді (видео)

Фото: ТЖМ
Талдықорғандағы шығыс өнеркәсіптік аймағында орналасқан пластикті қайта өңдеу зауытының қоймасы өртенді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ТЖМ өрт сөндірушілері Талдықорған қаласы Шығыс өнеркәсіп аймағында орналасқан пластикті кәдеге жарату цехының аумағындағы өртті сөндірді.
"Өрт орнында жедел штаб құрылып, 3 жауынгерлік учаске жұмыс істді. Оқиға орнына жеке құрамның 40 адамы және 13 бірлік техника жұмылдырылды. Басқа нысандарға қауіп жоқ”, – деләнген эабарламада.
Өрт оқшауланды. Өрт сөндіру материалдардың жоғары жанғыштығы, желдің екпіні және сусыз аймақ болғандықтан сөндіру жұмыстары қиынға соққан.
“Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт бақылауға алынып, оның одан әрі дамуына жол берілмеді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ”, – делінген ТЖМ хабарламасында.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды