Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда қонақүй администраторын өлтіріп кеткен

Фото: Booking.com

Талдықорғандағы қонақүйлердің бірінде өрт шығып, құтқарушылар зорлық-зомбылықпен өлім белгілері бар әйелдің денесін тапты. Болжам бойынша, қылмыскер от қою арқылы ізін жасырмақ болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жетісу облысының төтенше жағдайлар департаменті 24 мамыр таңғы сағат 4:14-те Paradise Villa қонақүйінің бірінші қабатында өрт шыққанын мәлімдеді. Өрт 20 шаршы метрді шарпыған. 15 минуттың ішінде өрт сөндіріліп, ғимараттан 35 адам қауіпсіз жерге шығарылды.

Құтқарушылар үй-жайды тексеру кезінде администратор әйелдің мәйітін тапты. Кейін оның денесінде 12 пышақ жарақаты бар екені анықталды.


"Аяқ-қолым мен маңдайымды кесіп кетті": Алматыдағы қонақүйлерде қыз шомылып жатқанда кабина әйнегі сынып кеткен


"Шетелден флористер шақырып, бесжұлдызды қонақүйге жатқызған": Атышулы "Қызғалдақ фестиваліне" қанша қаржы жұмсалды


Жетісу облыстық полиция департаменті "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті тез арада ұсталды, ол 23 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Қазір ол қамауда, тергеушілер онымен жұмыс істеп жатыр.

Тергеу оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тәртіп сақшылары кісі өлтіруші қылмыстың ізін жасыру үшін қабылдау бөлмесін қасақана өртеп жіберген болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Тергеу мүддесі үшін әзірге қосымша ақпарат жарияланбайды.

Қырмызы Скендирова
Дүйсенбі, 26 Мамыр, 2025 08:18
Талқылау