Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда ерекше бала жарық өшкеннің кесірінен өліп қала жаздады

Талдықорған тұрғыны оттегі концентратына зәру баласынан жарық үзілуінен айырылып қала жаздады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gipermed.ru

Талдықорғанда 11 жасар қыздың жарықтың өшкенінен өміріне қауіп төнді. Үш сағат бойы жедел жәрдем қызметкерлері оттегі баллондарын мезгіл-мезгіл тасып, қызды аман алып қалды. 

"Кешкі сағат жетіден кейін электр қуаты өшіп қалды. Қызымыз "ерекше" бала, өз бетімен қозғала алмайды. Қаңтарда өкпесі қабынып, облыстық балалар ауруханасында ақпанның ортасына дейін болдық. Оған дәрігерлер тоқпен істейтін оттегі аппаратын берді. Жарық өшіп қалғанда абдырап, бірден жедел жәрдем шақырдым”, – деді ерекше қажеттілігі бар баланың анасы Ирина Корниенко.

Әйел қала шегінде орналасқан Еркін ауылындағы көшеде электр жарығы мезгіл-мезгіл сөніп тұратынын айтады. Бұл жергілікті қосалқы станцияның қуатының аздығынан болуы мүмкін дейді.



Қала әкімдігі Еркін ауылындағы бірнеше көшеде электр қуатының өшірілгенін растады, бірақ қалпына келтіру жұмыстары екі сағатқа ғана созылғанын атап өтті.

"2 наурыз сағат 20:36-да Еркін ауылындағы Ащыбұлақ көшесінен Сүлеева көшесіне және Теміртекұлы көшесінен Қарасу өзеніне дейін тұтынушыларды қамтамасыз ететін әуе желісі апатты жағдайда тоқтатылды. Жедел топ аралап, №26 мектептен бірінші магистральдық тірекке дейінгі кабельдің зақымданғанын анықтады. 22:47-де әуе желісі қалпына келтірілд”, – деді Талдықорған әкімдігі.

Сондай-ақ әкімдік Еркін тұрғындары ІІІ санат деп аталатын тұтынушыларға, яғни бір қуат көзінен электр қуатын алатын тұтынушыларға жататынын түсіндірді. кімдік Еркін ауылында электр қуатының жиі сөніп жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Жедел жәрдем дәрігерлері болмаса, баламыздан айырылып қалуымыз мүмкін еді. Түнгі сағат 11-де электр қуаты қосылды. Мен өз тарапымнан сол сәтте бізді қолдаған үш жедел жәрдем бригадасына да шын жүректен алғыс айтқым келеді. Олар қызды мұндай жағдайда жеткізу мүмкін емес екенін бірден түсініп, оны аман алып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады", – деді баланың анасы.

Еске салсақ, Қазақстанда ерекше балалардың ата-аналарын ерте зейнетке шығару бастамасы көтерілген еді. 

Талқылау