Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Үш рет кездесіп, үйлендік”. Боксшы Махмұд Сабырханның екінші әйелі күтпеген мәлімдеме жасады

Махмұб үйлену той суретФото: https://www.instagram.com/erzhigiitovna.a

Бокстан екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырханның екінші әйелі Айғаным Ержігітқызы әлеуметтік желідегі парақшасында көпті толғандырған сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айғаным Ержігітқызы ажырасу күйеуінің бірінші әйелі Назымның шешімі болғанын жазды. 

“Махмұд онымен ажырасамын деп отбасы құрған жоқ, ондай ойы да болмаған. Маған бәрін түсіндіріп берген. Назым өзі кеткісі келген, кетті. Махмұд қанша оған түсіндіргісі келген, түсінбеген. Әкесіне де айтқан: “ Қызыңыз кетемін деп жатыр, “Қой, қызым демейсіз бе?” деп”. Сосын соңында папасы осылай жазып жіберіпті. Ит үреді, керуен көшеді”, – деп жазған ол.

Спортшының жары жариялаған суретте боксшының бұрынғы жарының әкесі – “Болды, талақ бер де, өміріне араласпа” деп жазғаны көрінеді. 

Сондай-ақ ол оқырмандарына спортшымен қалай танысқанын да айтып берген. Оның сөзінше, танысуды екіжақтың аналары ұйымдастырған. Махмұд пен Айғаным үш рет кездесіп, шаңырақ көтерген.

“Көп сұрақ осы екен. Біз қалай таныстық? Жазда 3 ай Астанада болдым, оқу басталып Шымкентке қайттым. Оқу басталды, оқумен жұмыстың арасында жүрдім. Ол кезде Махмұд Ливерпульде жарыста болған. Шыны керек, мен оны ол уақытта мүлдем көрмегенмін де, танымаймын да. Бір күні жұмыста отырсам, анам жазды. Солай бізді аналарымыз, үлкендер таныстырды. Үш рет кездесіп, үйлендік”, – деп жазған ол.

Чат скриншотФото: https://www.instagram.com/erzhigiitovna.a

Айта кетейік, жақында әлеуметтік желіде боксшының екінші рет шаңырақ көтерген сәтінен фото-видеолар тараған еді. Тойдағы сәттерді қалыңдық Айғаным Ержігітқызы өз парақшасында жариялаған. Ал оқырмандар спортшының бірінші әйелінің жақында ғана босанғанын, сәбиінің әлі қырқынан шықпағанын жарыса жазған болатын.

“Махмұд Сабырханның екінші рет үйленіп жатырғанын көріп не айтарымды білмей қалдым.. Жақында ғана тұңғышы дүниеге келді, ал ол болса сәби қырқынан шықпай жатып екінші рет үйленіп алды. Назымның қандай күйде екенін елестетудің өзі қиын. Еліміздің көк туын желбіретіп чемпион атағын алғаны не керек, адами құндылығы өте төмен болса…”, “Ақсұңқар да, Махмұд та екінші рет үйленіп жатыр. Қыздар, жынды ұқсап Нұрсұлтанға да тиіп алмаңдаршы”, “"Мына қызда да ес жоқ екен. Екіқабат әйелін туылар баласын тастаған адамға тиіп отырған. Бумеранг бар жаным. Ал мына жігіттің үйіндегі үлкендер не қарап отыр? Ұрпағы дүниеге келгелі отыр? Соны біліп тұрып босанар уақытында той жасау ? Араларында не болсада үлкендер айтпай ма? Или бұларға ойыншық па бір қыздың тағдыры? Сыйластық қайда бұрынғы құда құдағи келіншегіне? Әлде бұларда ондай сана сезім жоқпа?" – деп жазды желі қолданушылары.

Қолданушылар бірқатар өнер иелеріне отбасы құру салмақты жауапкершілік екенін айтып, оларды жаппай кәнсілдеуге шақырды. 

“Кешелі бері тредстен Нұрсұлтан Жақсыген, Тұрсынбек Қабатов, Ақсұңқар, Махмұд Сабырхан. Бұлардың жасап жүрген істері мүлдем дұрыс емес. Бірі — баласына өлім тілеп, "Ажал ғой" деп отыр. Бірі — әйелінің көзіне шөп салған. Тағы бірі — әйелін баласымен тастап, басқаға үйленген. Біреуі болса — әйеліне түрлі сөздер жазып отыр. Айта берсек, мұндай мысал көп...Отбасы құру — ойыншық емес, жігіттер. Үйленген соң жауапкершілікті сезіне білу керек. Соңғы уақытта кейбір жігіттер майдаланып бара жатқандай… P:S Барлық жігіттер қауымына топырақ шашпаймын бірақ араларында бар, Жақсы жігіттер қауымы да жетерлік”, - деп жазып жатыр.

Айта кетейік, экс-әйелін балағаттаған блогер Нұрсұлтан Жақсыгенге желі қолданушылары бойкот жариялағаны хабарланған болатын. 

Кейінірек Мөлдір Мұқанова мен Тұрсынбек Қабатовтың ажырасып кеткені жария болды.

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 05 Қараша, 2025 10:28
Талқылау