Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таиландта қазақстандық әйел жағажайдан өлі күйінде табылды – БАҚ 

Таиландтың Паттайя қаласындағы жағажайлардың бірінде қазақстандық әйелдің денесі табылды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оның өлімін тіркеді. 

Таиландта қазақстандық әйел жағажайдан өлі күйінде табылды – БАҚ 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bangkok Post. Басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Джомтьен жағажайында туристер теңіз жағалауынан әйелдің денесін тапқан. Олар әйелді шығарып алып, полицейлер мен жедел жәрдем шақырыпты. Алайда оқиға орнына келген дәрігерлер әйелдің өлімін тіркеді. 

Полиция мәліметінше, болжам бойынша, әйел суға түспек болып, батып кеткен. 

Хабарланғандай, марқұм 78 жаста болған. Ол күйеуімен бірге Таиландқа демалуға келген. 

Қазақстандық әйелдің өлімінің нақты себебін анықтау үшін, денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне аталған оқиғаға қатысты сауал жолдады. Ведомстводағылар ақпараттың тексеріліп жатқанын мәлімдеді.

Талқылау