Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таиландта демалған Джуринская трансвеститтер шоуына барған

Отандық актриса Жәния Джуринская дәл қазір Таиланд елінде демалып жатыр. Ол аталған елде трансвеститтер шоуына барғанын мойындады.

14482114_382743732066179_2382841907291095040_n

Фото: instagram.com/djurinskaya/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жәния Джуринская осы күнге дейін Украина елінде комедиялық телехикаяға түсіп жатқан-ды. Көрші елдегі түсірілім жұмыстары аяқталса керек, актриса Таиланд елінде саяхаттап жүр.

Бірнеше күн бұрын туған күнін “Та Яй” жағалауында атап өтті. Биыл актриса 26 жасқа толған екен. Оның кіммен бірге саяхаттап жүргені белгісіз. Десе де,жанында серігі бар сыңайлы. Себебі, суреттерден дастарханның үнемі екі адамға жайылатынын байқауға болады.

15258905_1424769287563123_6328223973775507456_n

15403382_181714465625789_8976217499561361408_n

Актриса демалысын тек жағажайда өткізіп қана қоймай, түрлі концертке баруды жөн көріпті. Осы орайда, трансвеститтер шоуына баруды да ұмытпаған екен. “Қысқасы кеше біз трансвеститтер шоуына бардық. Мен “Сен еркек неге менен де сұлусың?” деп айқайладым”, – дейді Жәния Джуринская.

14499150_1379533385392765_6723474176050462720_n

14596883_1284259781646444_4191867744225853440_n

15275576_1115768575208018_4317682965711683584_n

Желі қолданушылары Джуринская бөліскен видеодан ер азаматты көрмегендерін айтып жатты. “Олар мың есе әдемі болса да, мен оларға қызықпайды екенмін. Себебі олар табиғат ананың заңын бұзып жатыр. Отаның көмегімен барлығын өзгертуге болады. Жеке өз басым еркектің әйелге айналуына қарсымын”,

“Оларды алғаш көрген кезде есімнен танып қала жаздағанмын”, “Иә, ол жақта әйелдер жетеді. Жуырда еркектерді қызыл кітапқа енгізіп жіберетін шығар. Маған нағыз ер азамат керек, оны табуға көмектесіңіздерші…” деп жазады желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Бет-аузы көгерген Айгүл Иманбаева жанкүйерлерін шошытып алды

Бұрынғы продюсері Артур Төлеповті «лақтырып» кетті деп айыптады

«Өзінің жасына лайықсыз» көйлек киген Мәдина Сәдуақасова сынға қалды

Әнші Гауһар Әлімбекова тұрмыс құрды

Талқылау