Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таиланд қонақүйіндегі жасырын бөлме қазақстандықтардың жағасын ұстатты (видео)

Әлеуметтік желіде Таиландқа саяхаттап барған қазақстандықтардың қонақүйдегі нөмірінен жасырын бөлме тауып алған видеосы тарады. 25 жастағы отандасымыз Нұрай Бостанова нөміріндегі жасырын бөлмеге тап болды. Қайда апаратыны белгісіз есік қазақстандық туристердің көңіліне күдік пен қорқыныш ұялатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Нұрай Таиландтың Паттайя қаласына отбасымен және достарымен саяхаттап барған. Жуынатын бөлмеден шығып, киімін алмақ болған оның көзіне қабырғадағы жасырын есік түскен.

“Бұл туралы айтарлықтай ештеңе ойламаймын. Бәлкім, мұндай есіктер құбырларға кіру үшін қолданылатын шығар. Бірақ мен бұған сенімді емеспін. Әрине, мен мұндай жерде қалғым келмейді”, – дейді Нұрай.

Желіде тараған видеодан жасырын есіктің ішінде тағы бір есік барын көруге болады. Оның арғы жағы шағын бөлмеге ұқсайды. Туристер қызығушылық танытып бөлмеге қарай бет алды. Нәтижесінде есіктің соңы басқа бөлмеге апаратынына көз жеткізді. 

@nuraykabs Сказала,что это доступ к трубам. Но,нам жутко стало сразу. Зачем из номера делать доступ? Нужно делать снаружи. #тайланд #потойнаядверь ♬ Creepy and simple horror background music(1070744) - howlingindicator

“Қазақстанда отырып біз қорқып отырмыз”, “Балалар мен жас қыздарды бөлмеде қалдырмаңыздар”, “Неге видеода қонақүйдің атауы мен мекенжайын көрсетпейсіздер?”, “Таиланд – адам органын сатумен аты шыққан ел”, “Бөлмеде жасырын камера да бар шығар”, – деп жазды желі қолданушылары.

Нұрайдың айтуынша, 15 адам болып Бангкоктағы концерттерді және Паттайядағы қысқа аялдаманы қамтитын алдын ала жоспарланған маршрут бойынша саяхаттап жүрген. Бұл қонақүйде олар екі түн түнеген. 

“Біз ешкімді қорқытқымыз келмейді, бірақ мұндай жерге бір топ адаммен және балаларсыз келген дұрыс деп шештік. Біз жай ғана басқа нөмірге ауыстыруын сұрадық. Мүмкін, бұл расымен құбырларға апаратын арнайы техникалық рұқсаты бар есік шығар”, – дейді турист.



Отандасымыз болған жағдайға қарамастан мейманханаға жоғары баға берді. Бөлме таза, әдемі, бізге ұнады. Бірақ мені алаңдатқан жалғыз нәрсе осы бөлме болды”, – дейді Нұрай. 

Қазақстандық туристің видеосы әлеуметтік желіде көп қаралым жинап, қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары саяхат кезінде барынша қауіпсіз жерді қалай таңдау керегін талқылап жатты.

@nuraykabs Нас 15-20 человек. У нас готовый тур. То есть мы сами не выбирали ничего. Здесь ночуем всего 2 ночи. #тайланд ♬ оригинальный звук - Нурай Бостанова

Бұған дейін Таиландта қазақстандық турист саяхатының алғашқы күнінде көз жұмған еді.

Талқылау