Тағы да су тасқыны: ШҚО-да бір тәулік ішінде 19 үй мен 6 көшені су алып кетті
Шығыс Қазақстан облысында 19 үйді су басты. Ал соған дейін Шығыс Қазақстанның бірнеше ауданында ондаған аулаға су кіріп, адамдар қауіпсіз орынға көшірілген еді.
Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.
Тәулік ішінде облыс бойынша 19 үйді, 61 аула мен 6 көше суға кетті. Бір Өскеменнің өзінде 13 жер үйге, 1 бес қабатты үйге су кірген.
Облыс орталығында көшелер де суға толды. Мұны әлеуметтік желіге тараған видеолардан көруге болады. Қар ең көп жауатын аудандардың бірі саналатын Глубокое ауданының екі бірдей елді мекені қар суынан зардап шекті. Белоусовка кентінде 4 үйді, Жаңа Үлбі елді мекенінде 1 үйді су алған. Ал Шемонаиха ауданында 33 үйдің ауласына су кіріп, деңгейі 20 сантиметрге дейін жеткен. Төтенше жағдай мамандары судың жолын тосу үшін бір тәулік ішінде құм салынған 61560 қап төсеп, 3440 текшме метр су сорған. Оларға көмекке Ұлттық ұлан сарбаздары көмекке келді. Осы жұмыстарға 36 техника жұмылдырылды.
Оқи отырыңыз:
Су тасқынынан зардап шеккен Аягөз тұрғындарына тағы 80 миллион теңге жіберілетін болды
ОҚО-да тауда жүріп адасып кеткен жігіт пен қыз табылды
Астанада қазақ жігіті үш шегенің үстінде тұрып кеудені жерден көтеруден рекорд орнатты (фото, видео)